Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері республиканың ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Осыған байланысты 6-8 мамыр аралығында еліміздің батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 6-7 мамырда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, 7-8 мамырда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр болжанады. Тек Қарағанды облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және 8 мамырда оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанады.
Түнгі және таңғы сағаттарда 6 мамырда Павлодар және Абай облыстарында, 6-7 мамырда Шығыс Қазақстан облысында үсік күтіледі.
Ауа температурасы: батыс өңірлерде күндізгі температура 23-30 градустан 21-26 градусқа дейін төмендейді; солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде 20-25 градустан 24-29 градусқа дейін көтеріледі; орталықта 22-30 градустан 27-35 градусқа дейін жылынады; оңтүстікте 31-38 градус жылы; оңтүстік-шығыста 25-32 градустан 30-38 градусқа дейін көтеріледі.