Тұрақсыз ауа райы

IconЖарияланды 02.05.2025

Мамыр айының басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде: найзағайлы жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. 2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Температуралық жағдайда күрт өзгерістер күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз