Жыл сайынғы жауын-шашыннан туындайтын сел қаупін бақылау басталды

IconЖарияланды 30.04.2025

Жыл сайынғы жауын-шашыннан туындайтын сел қаупін бақылау басталды 1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында «Қазгидромет» РМК Қазақстанның таулы аймақтарында жауын-шашыннан туындайтын сел қаупін мониторингтеуді жүзеге асырады. Таулы аумақ бойынша жауын-шашыннан туындайтын сел қаупі туралы күнделікті бюллетень шығарылады. Сел қалыптастыратын факторлар анықталған жағдайда, жауын-шашыннан туындайтын сел қаупіне қатысты қысқа және өте қысқа мерзімді болжамдар мен дауылды ескертулер жарияланады.Атқарушы мемлекеттік органдар мен халық бұл ақпаратты арнайы таратылымдар мен интернет-портал арқылы, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтынан ала алады:  
[https://www.kazhydromet.kz/kz/selevedenie-str/ezhednevnyy-byulleten-selevoy-opasnosti-dozhdevogo-genezisa](https://www.kazhydromet.kz/kz/selevedenie-str/ezhednevnyy-byulleten-selevoy-opasnosti-dozhdevogo-genezisa) Сел дегеніміз не екенін білмейтіндерге, әсіресе мұғалімдер мен оқушыларға, «Сел тасқыны туралы сөз» атты ғылыми-деректі фильмді көруді ұсынамыз. Фильмді мына сілтеме арқылы көруге болады:  
[https://www.youtube.com/watch?v=rlYNHqqGjPo](https://www.youtube.com/watch?v=rlYNHqqGjPo)

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз