Үшінші полюстің екінші климаттық форумы өтті

IconЖарияланды 29.11.2024

2024 жылдың 28-29 қарашасы күндері Қазгидромет мамандары Үшінші полюстің өңірлік климаттық орталығы (TPRCC) ұйымдастырған Үшінші полюстің екінші климаттық форумының (TPCF2) онлайн-сессиясына қатысты.

Форум ынтымақтастықты дамытуға, Гималайды, Тибеттің таулы өлкелері мен Қарақорамды қамтитын үшінші полюс аймағы үшін климаттық зерттеулерді, мониторингті және күні бұрын ескерту жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Қатысушылар климаттың қазіргі жағдайын, негізгі климаттық оқиғаларды, маусымдық болжамдарды тексеруді және климаттық іс-қимыл стратегияларын талқылады.

Іс-шараға Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің келесі қызметкерлері қатысты:

  • Гүлшат Ақтаева, ҒЗО КЗБ жетекші ғылыми қызметкері,
  • Тұрсын Тіләкәрім, ҒЗО КЗБ басшысы.

Гүлшат Ақтаева «Қазіргі климаттық жағдайлар және Қазақстандағы ұлттық болжам» атты баяндама жасап, онда елдегі климаттың өзгеруі, 2024 жылғы жазғы маусымға жасалған болжамның нәтижелері және 2024/2025 жылдарға арналған консультативтік болжам баяндалды.

Форум климаттық сын-қатерлерді талқылау және климаттық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз