Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуімен жауын-шашын күтіледі. Қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде 21 наурызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, қатты жаңбыр 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурызда күндіз, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауады.
Жауын-шашынсыз ауа райы 20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте және орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай болжанады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының солтүстік жартысында түнде 7-18 аязға дейін, күндіз 6 аяз -6 жылыға дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 аязға дейін, күндіз 3-18 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.