Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
27 маусымда елордада 39 мм жауын-шашын мөлшері түсті, ал айлық норма – 37 мм. 25 маусымда «Қазгидромет» РМК өңірде қатты жауын-шашын мен қатты жел туралы дауылды ескерту жариялап таратқан болатын. Елорда мен облыс тұрғындарын 27-28 маусымда қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді деген ықтималдылығы 90% хабарламамен ескерткен болатын. 27 маусымда күндіз және 28 маусымда тәулік бойы жел, екпіні 15-20 м/с. 27 маусымда күндіз ауа температурасының 10-12 жылыға дейін төмендеуі.
Нұр-Сұлтанда нақты түскен жауын-шашын мөлшері айлық нормадан жоғары. Ал 1-28 маусым аралығында елорданың өзінде 96 мм жауын-шашын мөлшері түскен, бұл шамамен үш айлық нормаларға теңестіріледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мамандары маусым айындағы консультативтік болжамында бір ай бойы циклондар мен антициклондар жиі ауысып, жауын-шашынсыз ыстық күндер, жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райымен алмасатын болады деп күткен.
Сондай-ақ бүгін елорда тұрғындары үшін синоптиктер жаңбыр, найзағай, сондай-ақ екпінді жел болжайды.