Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар шығысқа қарай баяу жылжып, ауа-райының тұрақсыз сипатын еліміздің басым аумағында сақтайды, жауын –шашын басым қар түрінде жауады, Қазақстанның шығысында қатты қар, ал оңтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, таулы аймақтарда - қатты жауын-шашын күтіледі. Республика аумағында бұрқасын, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда суық арктикалық антициклон еліміздің батысына жылжи бастайды, сонымен байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасы батыста, одан кейін еліміздің қалған бөлігінде күрт төмендеуі күтіледі. Термометрлердің бағандары батыста, орталықта 20-28 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте 25-33 аязға дейін, шығыста 5-13 аязға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 0-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.