Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның шығуы өз әсерін сақтайды, сонымен байланысты жауын-шашын әкеледі, негізінен қар түрінде, 01 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 02 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қатты қар күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ; шығыс және орталықта – боран.
Ауа температурасы түнде еліміздің батысында 2-16 аяздан 5-18 аязға дейін, солтүстік-батыста 7-27 аяздан 14-30 аязғай дейін, солтүстік өңірлерде 15-28 аяздан 22-32 аязға дейін, орталықта 5-20 аяздан 13-30 аязға дейін, республиканың шығысында 15-35 аяздан 22-37 аязға дейін, оңтүстікте 3-12 аяздан 8-17 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 1-20 аяздан 8-28 аязға дейін төмендеуі күтіледі.