Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
Алдағы күндері антициклонның әсерімен және Орталық Азиядан ауа массаларының келуімен ауа райы ел тұрғындарын қуантуды жалғастырады. Жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын күтілетін батыстың жекелеген аудандары мен оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарын қоспағанда, негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі. Ал ауа күндізгі сағаттарда, түн уақытындағы теріс таңбалы температураға қарамастан, біртіндеп жылынады.
Солтүстікте термометрлердің бағаналары күндіз 8-13-тен 15-20 градус жылыға дейін, оңтүстік өңірлерде 15-20-дан 20-25 градус жылыға дейін көтеріледі, елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 15-23 градус, шығысында және Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 5-13 градус жылыны құрайды