Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
Жаңа жер аудандарынан жылжыған суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды, осыған байланысты түнде ауа температурасының минус мәндері сақталады және елдің солтүстік аудандарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Солтүстік-батыстан жылжыған циклонмен тек республиканың батысында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жалпы республика бойынша: солтүстік жартысында – тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-13 градус жылы, тек республиканың батысында күндіз термометр бағандары 17-30 градус жылыға дейін көтеріледі.