Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама шықты

IconЖарияланды 02.08.2022

2022 жылғы 26 шілде мен 1 тамыз аралығындағы кезеңде мынадай айғақтар тіркелді:

Қызылорда  және Балқаш қалаларда бірде-бір МӨП-де ластаушы заттардың ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 427 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).

Алматы  қаласында шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 37 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Алатау ауданы бойынша барынша ластанды.

Нұр-Сұлтан қ. шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 1403 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы, Түркістан көшесі ауданында ластанған.

қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 9 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Қойсары батыр көшесі ауданында барынша ластанды.

Жезқазған қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 110 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы М. Жәміл көшесі ауданында барынша ластанды.

Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 186 жағдайы тіркелді. Қала ауасы Қайсенов көшесі ауданында барынша ластанды.

Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 86 жағдайы тіркелді. Есет батыр көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Шымкент қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 9 жағдайы тіркелді. Самал-3 шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Павлодар қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 8 жағдайы тіркелді. Торайғыров-Дүйсенов көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Петропавл қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 20 жағдайы тіркелді. Юбилейная көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Атырау қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 3 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Курсай шығын ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Теміртау қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 16 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Фурманов көшесі ауданы бойынша қаланың ауасы барынша ластанды.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізіледі:

•        Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

•        Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз