Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК БАҚ-та және «Facebook» әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы таралған бейне-ақпаратқа байланысты 2020 жылғы 27 мамырда «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алғаны туралы хабарлаған.
Су сапасының Бірыңғай жіктемесінің талдау нәтижелері бойынша 4 сыныпқа жатады: аммоний-ион 1,26 мг/дм3 (су сапасы стандартының сандық мәнінің шектері ≤0,5-2,6 мг/дм3), магний – 37,1 мг/дм3 (су сапасы стандартының сандық мәнінің шектері ≤20,0-100 мг/дм3).
Анықтама:
«4 сынып» – суару және өнеркәсіптік су қажеттіліктері үшін жарамды, алайда шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін суларды терең дайындау қажет. Су пайдалану сыныбының сулары рекреация мақсатында ұсынылмаған.
2020 жылғы 1 маусымда 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері жарияланады.