Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніндегі балықтардың жиналып қалғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты 2020 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын іріктеуді жүргізді.
Су сапасының бірыңғай жіктемесінің шекті нормасының асып кетуін талдау нәтижелері бойынша сынамаларды алудың барлық нүктелерінде 37,1-47,2 мг/дм3 (1,1,-1,3 есе артық) оттегіні химиялық тұтыну бойынша тіркелді.
Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.
2020 жылғы 31 мамырда 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері жарияланады.