Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніндегі балыктардын жиналып калганы туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты 2020 жылғы 26 мамырда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері келесі нүктелерде су сынамаларын жоспардан тыс іріктеуді жүргізді:
1 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінің астында;
2 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км жоғары;
3 нүкте: «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км төмен;
Жер беті суларының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар.
Бірінші күннің талдауы бойынша судың температурасы 23,7-24,2 ºC шегінде, сутегі көрсеткіші 8,70-8,75, суда еріген оттегінің концентрациясы қалыпты және 9,30-11,8 мг/дм3 диапазонында, түсі – 25-30 градус, мөлдірлігі - 25 см, иісі - 0 балл, табиғи суға тән емес иістер табылмады.
2020 жылғы 27 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, 2020 жылдың 31 мамырында 5 тәулік орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдау нәтижелері ұсынылады.