Ауа райы
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
29.06.2022
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+18+20 °C
Желдің жылдамдығы: 9-14, күндіз екпіпі 15-20, кей уақыттарда 23 м/с
30.06.2022
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+16+18 °C
Желдің жылдамдығы: 7-12 м/с
01.07.2022
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+20+22 °C
Желдің жылдамдығы: 7-12 м/с
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • 29.06
  • 30.06
  • 01.07
29.06.2022
Icon
+18+20 °C
  • Ауа температурасы түнде:+12+14 °C
  • Желдің жылдамдығы:9-14, күндіз екпіпі 15-20, кей уақыттарда 23 м/с
30.06.2022
Icon
+16+18 °C
  • Ауа температурасы түнде:+7+9 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
01.07.2022
Icon
+20+22 °C
  • Ауа температурасы түнде:+10+12 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
Icon
Дауылды ескерту

Қазгидромет — жыл қорытындысы

IconЖарияланды 26.01.2022

Өткен жыл, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі — Қазгидромет үшін, техникалық және кәсіби қайта жабдықтауда серпілісті болды. Ресурстарды сауатты қайта бөлудің арқасында бірқатар метеостанцияларды автоматты санатқа ауыстыру, ал активтерді босату есебінен бақылау желісін ұлғайту мүмкін болды. Ең үлкен жетістіктердің бірі-2018-2019 жылдар аралығында сатып алынған Доплер метеорологиялық радиолокаторларын іске қосу.

 

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

✔ Қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар және ауа райының күрт өзгеруі туралы 65 дауылды ескерту (АГҚ/РИА), оның ішінде жақындап келе жатқан су тасқыны туралы 19 ескерту шығарылды.

✔ СГЯ/РИА дауыл ескертулерінің ақталуы орта есеппен 93-97%, гидрологиялық дауыл ескертулері — 83% құрайды.

✔ Метеорологиялық мониторинг пункттерінің санын 11 жаңа пунктке, агрометеорологиялық пунктерді — 3 пунктке, гидрологиялық — 25 гидробекетке дейін ұлғайтылды.

✔ 4 заманауи ДМРЛ құрылғыларын пайдалануға берілді. Бұның арқасында, енді Қазақстанның 5 өңірінде, online режимде конвективті бұлттылық пен жергілікті қауіпті құбылыстарға мониторинг жүргізу жүзеге асырылады.

✔ ҚМЖ болжамдау әдістемесі жаңартылды, күн сайынғы ҚМЖ болжамы шығарылатын қалалардың тізбесі кеңейтілді.

✔ ҚР атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың шоғырлануы туралы фондық анықтама беру процесі автоматтандырылды.

✔ 2021 жылғы қаңтардан бастап, барлық облыс орталықтарында озон анықталады.

✔ 2022 жылдың қаңтар айынан бастап, атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын 30 автоматтандырылған экологиялық пункт пайдалануға берілді, осылайша экологиялық мониторингпен қамтамасыз етілу 100% жетті.

 

Жабдықтау:

✔ Метеорологиялық желідегі аспаптар паркі жаңартылды: 2 569 метеорологиялық өлшеу құралдары сатып алынды,

✔ Гидрологиялық желі үшін 550 б-к. арнайы жабдықтар мен СИ сатып алынды.

✔ Бақылау бекеттері автоматтандырылды (Өскемен қаласында — 5 бекет және Семей қаласында — 2 бекет).

✔ Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларының зертханаларында, ұшпа органикалық қосылыстарды анықтау үшін 3 газ хроматографы сатып алынды.

✔ Гидробекеттерде 6 профилограф орнатылды (Түркістан обл. Келес өзенінде – 2 бірлік, Сырдария өзенінде – 2 бірлік, Павлодар обл. Ертіс өзенінде, Алматы обл. Іле өзенінде). Бұл су шығындарын өлшеу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

✔ Байқау желісі үшін 300 планшет, оның ішінде агрометеорологиялық бекеттер үшін 70 және гидрологиялық бекеттер үшін 230 планшет сатып алынды.

✔ 316 жаңа компьютер сатып алынды, оның 134-і метеорологиялық станцияларға, 182-сі облыстық филиалдарға жіберілді.

✔ 1856-1985 жылдар аралығындағы гидрометеорологиялық деректердің қағаз мұрағатын цифрлау үшін, арнайы көшіру жабдығы сатып алынды.

✔ "Қазгидромет" РМК автокөлік паркі, 121 б-к. қолданыстағы автотехникадан оңтайландырылды, нормаларға және кәсіпорынның өндірістік қажеттілігіне сәйкес 72 бірлік пайдалануда қалды, қалған техника ҚМИИП арқылы өткізуге (45 бірлік) және есептен шығаруға берілді (4 бірлік).

✔ Барлық автомобиль көлігіне GPS орнатылды — нақты шығын бойынша отынды есептен шығару, ЖЖМ-ге көзделген қаражаттың 40%-ға жуығын үнемдеуге мүмкіндік берді.

✔ 4 серверді сатып алу арқылы серверлердің есептеу қуаты артты.

Бақылау желілері мен әкімшілік ғимараттарды жөндеу:

✔ 49 метеорологиялық станция жөнделді.

✔ 2 химиялық зертханаға (Нұр-сұлтан, Алматы) және 2 әкімшілік ғимаратқа (Алматы және Қостанай қалаларындағы филиалдар) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

✔ 10 гидрологиялық бекет жөнделіп, 4 ГП өткелдер салынды.

✔ Гидрометорталықты жөндеу және қайта жабдықтау жүзеге асырылды.

 

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық:

✔ Келесідей қоғамдық және экологиялық ұйымдармен келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды —

— "Тәжірибелі экологтар Қауымдастығы" ЗТБ

— Азия Даму Банкі

— "AirVision" ҚҚ

— Нархоз Университеті

— NCOC компаниясы

— "Экосервис-С" ЖШС

— "Қазгидромет" РМК желісіне атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың жеке желілерінің деректері біріктірілді:

— Алматы қаласының эко-белсендісі Павел Александровтың 10 датчигі;

— "Тәжірибелі экологтар Қауымдастығы" ЗТБ қатысуымен халықаралық грант аясында 15 датчик;

— АМӨЗ 4 станциясы;

— "Эко-Сервис" ЖШС 40 станциясы;

— 8 NCOC станциясы.

 

Жұмысты жаңартуға арналған веб-қосымшалар:

✔ Фермерлерге арналған қосымша — АgroData пысықталды. Бұл қосымша, Қазақстанда алғаш рет 2020 жылы, халық пен фермерлердің нақты және болжамды агрометеорологиялық ақпаратқа, тегін қол жеткізулері үшін енгізілді.

✔ Фин метеорологиялық институтының қолдауымен, ауаның ластануының болжамды моделі — "SILAM" іске қосылды.

✔ Қолмен өлшеудің автоматтандырылған дерекқорын жүргізу, деректерді автоматты түрде өңдеу және беру үшін, агрометбақылаушының автоматтандырылған жұмыс орны әзірленді.

✔ CGMS (Италия) және DSSAT (АҚШ) заманауи болжамдық модельдері тесттік пайдалануға енгізілді.

✔ Кәсіпорында, электрондық құжат айналымы, оның ішінде облыстық филиалдар арасында енгізілді.

 

Қосымша жұмыстар орындалды:

✔ Қазгидромет мамандары, Астана су қоймасының батиметриялық түсірілімін жүргізді, нәтижесінде Астана су қоймасының нақты көлемі есептелді (404,00 М белгісіне дейін БК көлемі 420,861 млн.м3 құрады).

✔ Жем және Ойыл өзендері ағысының өзгеруіне және метеорологиялық параметрлердің ағысқа деген әсеріне бағалау жүргізілді.

✔ "Климаттың өзгеруін ескере отырып, 2050 жылға дейінгі перспективада, Жайық (Орал) өзенінің жылдық ағысының ұзақ мерзімді болжамы" тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді.

✔ 2050 жылға дейінгі перспективада ҚР 8 су шаруашылығы объектілері бойынша ағынның өзгеруіне бағалау жүргізілді.

✔ISO 37001 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі енгізілді.

✔ 100 жылдық мерейтой аясында, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің мұражайы ашылды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз