Ауа райы
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
29.06.2022
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+18+20 °C
Желдің жылдамдығы: 9-14, күндіз екпіпі 15-20, кей уақыттарда 23 м/с
30.06.2022
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+16+18 °C
Желдің жылдамдығы: 7-12 м/с
01.07.2022
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+20+22 °C
Желдің жылдамдығы: 7-12 м/с
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • 29.06
  • 30.06
  • 01.07
29.06.2022
Icon
+18+20 °C
  • Ауа температурасы түнде:+12+14 °C
  • Желдің жылдамдығы:9-14, күндіз екпіпі 15-20, кей уақыттарда 23 м/с
30.06.2022
Icon
+16+18 °C
  • Ауа температурасы түнде:+7+9 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
01.07.2022
Icon
+20+22 °C
  • Ауа температурасы түнде:+10+12 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
Icon
Дауылды ескерту

2022 жылдың қаңтар айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 25.01.2022

Қаңтардың екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан 6...10ºС, батыста 2...3ºС жоғары болған.  Жауын-шашын көбінесе нормадан жоғары жауған, бұл топырақта ылғал қорының қалыптасуына қолайлы болады.

Шымкент станциясының маңайында онкүндіктің екінші және төртінші күндерінде оң ауа температурасы фонында күздік бидай өсімдіктерінің қайта дамуы байқалады. Даму фазасы «3-ші жапырақ» кезеңі, өсімдіктердің жағдайы қанағаттанарлық.

Алматы облысының күздік дақылдар егілген алқаптарында тұрақты қар жамылғысы байқалады (7-11 см). Жамбыл және Түркістан облыстарында көбінесе қар жоқ, бұл ауа температурасының төмендеуі кезінде күздік дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында тұрақты қар жамылғысы (24-29 см) сақталуда, ол топырақ бетінде біркелкі таралған кезде өсімдіктерге қорғаныш әсер етеді, сондықтан топырақ бетінің төменгі температурасы (минус 16...18ºС) қыстап шығу үшін соншалықты қауіпті болмаған.

Елдің оңтүстігінде күздік бидайдың түптену тереңдігіндегі топырақтың ең төменгі температурасы 0ºС минус 2ºС дейін және оңтүстік-шығыста 0ºС минус 7ºС дейін (Қырғызсай станциясы) ауытқыған.

2022 жылдың қаңтардың 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз