Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Солайша, жауын-шашын жауады, солтүстік өңірлерде қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ, тұман, екпінді жел, төмен бұрқасын болжанады.
Батыста температураның көтеріледі: түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз, күндіз 13 аяз — 3 жылу. Солтүстік-батыста болса — түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін аяз, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз. Ал солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33 аязды, күндіз 10-26-дан 5-15-ке дейін аязды құрайды. Орталық пен шығысқа келсек, мұнда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: солтүстік-шығыста түнде 5-15-тен 10-25-ке дейін аяз, күндіз 2-11-ден 5-20-ға дейін аяз, оңтүстікте түнде 15 аяз — 3 жылудан 3-20 аязға дейін, күндіз 8 аяз — 12 жылудан 10 аяз — 3 жылу аралығында, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 5 аяз — 3 жылудан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылудан 0-10 аязға дейін болады.