Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
"Қазгидромет" РМК және оның 15 аймақтық филиалы, Қазақстанның республикалық мемлекеттік кәсіпорындары арасында бірінші болып, ISO 37001:2016 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі" стандартының халықаралық сертификатын алды. Құжатты салтанатты түрде "Қазгидромет" РМК бас директоры — Данара Алимбаеваға, "CERT International" сертификаттау жөніндегі халықаралық органының өкілі, "CERT Academy Kazakhstan" ЖШС директоры — Айжан Жанайдарова табыс етті.
Сондай-ақ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі атынан, Министрліктің қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ҚР ЭГТРМ ЭСТМД басшысы — Агзан Рашидович атынан, бас директор — Данара Әлімбаеваға және Қазгидрометтің комплаенс-офицері — Нұржан Шияпқа Құрмет грамоталары табыс етілді.
Жыл бойы біз, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әрбір қызметкердің қатысуымен үлкен жұмыстар жүргіздік. Жергілікті актілерге өзгерістер енгізілді, мемлекеттік органдармен, халықпен және бизнеспен жұмыс істеу алгоритмдері пысықталды. Бұл жұмыстың нәтижесі — сертификат пен атқарылған жұмыстың жоғары бағасын алу болып отыр.