Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2021 жыл, Қазгидрометтің Қостанай облысы бойынша филиалы үшін, жағымды өзгерістермен аяқталады — желтоқсанда ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Солайша, филиал қызметкерлері 2022 жылды жаңа техникамен, жаңа кабинеттерде қарсы алмақ. Себебі, ғимаратта жертөлелердегі құбырлардан бастап жиһазға, терезелер мен есіктерге дейін барлығы ауыстырылды, сондай-ақ жылыту, сумен және электрмен жабдықтау жүйелері жөнделді. Айта кетсек, мұндағы соңғы жөндеу жұмыстары 2006 жылы жүргізілген .
1957 жылы салынған бұл құрылыс, бірден облыстың гидрометеорологиялық қызметінің "үйіне" айналған жоқ. Өйткені, бастапқыда жоғарғы қабатта кеңселер мен пәтерлер орналасқан еді. Бірақ, бірте-бірте бүкіл ғимарат гидрометбюро қарамағына өтті.
Осылай ғимарат, филиал бөлімшелерімен толықтырылды — агрометеорологиямен, метеорологиямен, гидрометеорология орталығы, кейінірек зертхана мен гараж қосылды.
Ғимараттың жөндеуге дейін және кейін күйін көру үшін фотогалереяны қараңыз.