Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының басым бөлігі жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтілетін циклон шұңқырының әсерінде болады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран болжанады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылулық күтіледі, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, оңтүстікте 20 жылу болады. Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 аяз - 3 жылы, күндіз 5-15 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендеу, өңірдің оңтүстігінде 12 жылу, солтүстікте және орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 аяз-3 жылу, күндіз 2-11 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді. Шығыста түнде 3 аяз-5 жылу, күндіз 3-11-ден 7-15-ке дейін жылу көтеріледі. Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылу аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі.