Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
NASA спутниктерінің жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ), «Қазгидромет» РМК өңделген суреттері бойынша 2020 жылғы 17-23 сәуір аралығында Қазақстан аумағының қар жамылу алаңы қысқарған және барлығы 2%-ды құрайды.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарында өзендерде су деңгейінің аздап ауытқуы күтілуде, бірақ көктемгі су тасқынының биік шегі өтті.
Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жазық және тау бөктеріндегі аумақтарда қар жамылғысы толығымен түсті. Одан әрі сулылық температуралық режимге және қатты жаңбырдың түсуіне байланысты орта таулы (2000м. дейін) және биік таулы (2000 м. жоғары) қар еру қарқындылығына байланысты болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны кезеңі мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады.
Апта бойы ауа райы құбылмалы болады, найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, түнгі температураның минус көрсеткішіне дейін төмендеуі болжануда, осыған байланысты Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі болжануда.
Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендері бойынша ЖҚЗ суреттеріне сәйкес, қармен жамылу алаңы 8% құрайды. Синоптикалық болжам негізінде алдағы аптада облыста жаңбыр түрінде жауын-шашын, сондай-ақ орта таулардағы қар жамылғысының еруі және сәйкесінше, өзен суының артуы күтіледі.