Ауа райы
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
18.10.2021
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+14+16 °C
Желдің жылдамдығы: 1-6 м/с
19.10.2021
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+14+16 °C
Желдің жылдамдығы: 3-8 м/с
20.10.2021
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+14+16 °C
Желдің жылдамдығы: 5-10 м/с
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • 18.10
  • 19.10
  • 20.10
18.10.2021
Icon
+14+16 °C
  • Ауа температурасы түнде:-1+1 °C
  • Желдің жылдамдығы:1-6 м/с
19.10.2021
Icon
+14+16 °C
  • Ауа температурасы түнде:-1+1 °C
  • Желдің жылдамдығы:3-8 м/с
20.10.2021
Icon
+14+16 °C
  • Ауа температурасы түнде:0,+2 °C
  • Желдің жылдамдығы:5-10 м/с
Icon
Дауылды ескерту

Қазақстан мен Өзбекістан Сырдария өзені бассейнің су сапасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді

IconЖарияланды 28.07.2021

2021 жылғы 27 шілдеде Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Төртінші Орталық Азия конференциясы шеңберінде (ТОАК) Қазақстан мен Өзбекстанның Сырдария өзені бассейнінің су сапасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастық тәжірибесімен алмасу бойынша семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – Сырдария өзенінің жоғарғы бассейні елдерін Сырдария өзенінің су сапасына мониторинг жүргізу бойынша бірлескен жұмысқа тарту.

Семинар жұмысына Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның табиғатты қорғау және гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суларының сапасы мәселелері бойынша республикалар арасындағы ынтымақтастық нәтижелері туралы айтып берді.

Қазақстан өз тарапынан 2000-2021 жылдар кезеңінде Сырдария өзені ағынының көлемінің өзгеру үрдісін, сондай-ақ 2040 жылға дейінгі перспективада ағынның өзгеру болжамын ұсынды.

Сарапшылар Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы – Тәжікстан мен Қырғызстанды тарта отырып, бірлескен мониторингтің маңыздылығын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша Сырдария өзенінің сапасын болжау және деректерді талдау, әрі қарай жинақтау үшін Сырдария өзені мониторингінің аймақтық деректер базасын құру туралы ұсыныс қолдау тапты.

Бөліссеңіз осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде