«Қазгидромет» РМК қазіргі таңда Қазақстанның үш өңірінде - Талдықорған, Торғай және Балқаш өңірінде орналасқан 3 Доплер метеорологиялық радиолокаторынан (бұдан әрі - ДМРЛ) радиолокациялық деректерді алады.
ДМРЛ - қос поляризация режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі бар, толқындардың сантиметрлік ұзындығы жиілігі диапазонында магнетронның негізінде жұмыс істейтін техникалық құралдар.
Барлық ДМРЛ радиолокаторларының жұмыс істеу қағидаты 200 км-ге дейінгі радиуста бақылау объектілерінің электромагниттік толқындарды көрсетуін (радиоэха) қолдануға негізделген. Мұндай құбылыс радиоэхо деп аталады және оны анықтау үшін әр ДМРЛ-дің құрылымында міндетті түрде бағытталған және келісілген түрде жұмыс істейтін радиотаратқыш және жоғары сезімталды радиоқабылдағыш болады.
Радиолокациялық метеорологиялық бақылаулардың негізгі шығатын ақпараты - бұлттылық пен жауын-шашын өрістерінің орналасқан жері, ішкі құрылымы, метеорологиялық сипаттамалары (метеоқұбылыстың түрі, жауатын жауын-шашынның қарқындылығы мен фазасы, бұлттылықтың жоғарғы шекарасы, доплер жылдамдығы), сондай-ақ олардың көшуі мен эволюциясын бақылау туралы ақпарат болып табылады.
Бүгінгі таңда метеорологиялық радиолокациялық желілер барлық дамыған елдерде құрылған: АҚШ-та NEXRAD немесе NEXRAD (Next — Generation Radar) желісі құрылған, ол Ұлттық метеорологиялық қызмет (NWS), Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасы (NOAA) пайдаланатын, ажыратымдылығы жоғары, S-диапазонының 159 доплер метеорологиялық радарынан тұратын желі. OPERA халықаралық жобасы шеңберінде Еуропада әртүрлі бақылау бағдарламалары бойынша жұмыс істейтін әр түрлі өндірушілердің 180-ге жуық радиолокаторы біріктіріледі. Ресей Федерациясының Росгидромет метеорологиялық бөлімшелерінде МАРС метеорологиялық автоматтандырылған радиолокациялық желісінің 100-ден астам жұмыс станциясы орнатылған.