"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы

Аймақ:

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі  – Филиал).

Филиалдың штаттық саны 302,5 бірлікті құрайды.

Алматы қаласы аумағындағы бақылау желісінің жалпы саны 89 метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық станциялар мен бекеттерді құрайды, оның ішінде:

  • Дәстүрлі метеорологиялық станциялар  - 20 бірлік;
  • Метеорологиялық бекеттер – 3 бірлік;
  • Агрометеорологиялық бекеттер – 2 бірлік;  
  • Автоматты метеорологиялық станциялар (АМС) – 8 бірлік;
  • МС мен МБ жанындағы Автоматты метеорологиялық станциялар – 17 бірлік;
  • МС жанындағы Автоматтые актинометриялық кешендер  – 3 бірлік;
  • МС жанындағы Дәстүрлі актинометриялық бақылаулар – 1 бірлік;
  • Аэрологиялық станция – 1 бірлік;
  • Қатынасы қиын метеорологиялық станциялар мен гидрологиялық бекеттер (оның ішінде 2 АМС) -  24 пункт;
  • Гидрологиялық бекеттер – 39 бірлік (оның ішінде 2 автоматты, 36 өзен, 3 көл);
  • Қар көшкіні станциялары  – 2 бірлік;
  • Қар көшкінін бақылайтын метеобекеттер – 2 бірлік;
  • Қар көшкіні бағыты  – 7 бірлік;
  • Жауын-шашын өлшеу бағыты  – 2  бірлік;
  • Атмосфералық ауаның ластануын бақылау пункті – 5 бірлік (қол бекеті);
  • Экологиялық бекеттер – 11 автоматты СКАТ;
  • Экологиялық зертхана – 1 жылжымалы зертхана.

Филиалдың қызметі

Филиалдың негізгі қызметі мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Филиалдың негізгі міндеттері

  • Бақылау желісінің үздіксіз өндірістік қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
  • Шарт негізінде мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларды гидрометеорологиялық ақпаратпен, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін өзгерістері, климаттың жай-күйі және оның өзгерістері, қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу нәтижесінде алынған деректер қорын жүргізу.

Метеорологиялық бақылау желісі күн сайын ауа температурасына, топырақ температурасына, желдің бағыты мен жылдамдығына, атмосфералық құбылыстардың түрі мен ұзақтығына, бұлттардың балдағы түрі мен санына, жауын-шашын мөлшеріне, атмосфералық қысымға 8 мерзімді бақылау жүргізеді.