Метеорологиялық зерттеулер мен есептеулер басқармасы «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының қолданбалы міндеттер бойынша жұмыс істейтін, климатты экономиканың әртүрлі салалары үшін ресурс ретінде бағалауды орындайтын ғылыми-өндірістік бөлімшесі болып табылады. Құрылыс және жобалау; жел және гелиоэнергетика; көлік; жылыту және ауа баптау; құрылыстарға түсетін жүктемелер (температура, жел, көктайғақ, аяз және т.б.); биоклимат және денсаулық сақтау мәселелері бойынша климатологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Міндеттері.
* «Қазгидромет» РМК өндірістік бөлімшелеріне метеорология бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
* Метеорологияда Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін қолдану;
* ДМҰ ұсынатын метеорологиялық мониторингтің заманауи әдістемелерін жан-жақты зерттеу және енгізу;
* Гидрометеорологиялық өнім өндірісінің жаңа технологияларын игеру және енгізу;
* Мамандандырылған климаттық сипаттамаларды есептеу бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс;
* Қазақстан аумағын климаттық сипаттамалар бойынша аудандастыру;
* Метеорологиялық параметрлердің кеңістіктік таралу картасын жасау;
* Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу;
* Қазақстанның климаты бойынша ғылыми еңбектер дайындау.
МЗЕБ қызметінің негізгі бағыттары:
* «Қазақстанның қар жамылғысы» онкүндік бюллетенін шығару;
* Экономиканың түрлі салалары тұтынушыларының сұранысы бойынша мамандандырылған климаттық есептеулер;
* ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, аудандық ауқымда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжау әдістемесін әзірлеу;
* Қазақстан қалалары бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларды зерттеу.
Орындалатын жұмыстар:
* Экономиканың түрлі секторларын климаттық ақпаратпен қамтамасыз ету (азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс; энергетика, мұнай өнеркәсібі, металлургия, ауыл шаруашылығы және т.б.).
* Бюллетень шеңберінде Қазақстан аумағында қар жамылғысының қалыптасу/жойылу қарқынының маусымдық мониторингі 1 қарашадан бастап онкүндік шолуларға (бюллетеньдерге) жиналатын әртүрлі тәуліктік спутниктік өнімдер базасында жүзеге асырылады. Қар жамылғысының параметрлері бойынша ағымдағы маусымды салыстырмалы бағалау үшін бюллетеньде 2000/2001 жылғы маусымнан бастап ұқсас күнтізбелік мерзімдер бойынша ақпарат келтіріледі.
«Қазақстанның қар жамылғысы» бюллетені
* Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданында дәнді дақылдардың өнімділігін болжау әдістемесін әзірлеу.
Шал ақын ауданы (СҚО) бойынша дәнді дақылдар өнімділігінің болжамды кестесі, 2019 жыл
* МЗЕБ «Қазгидромет» РМК филиалдарының мамандарына оқыту семинарларын өткізеді.
Орындалған жұмыстар:
* 2013-2015 жылдарға арналған «Қазақстан аумағын климаттық жүктемелер бойынша аудандастыру» 025 бюджеттік бағдарламасы.
* Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шаруашылық келісімшарт негізінде есептеулер.
Кадрлық әлеует:
Басқарма қызметкерлерінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүйесінде үлкен ғылыми-практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Қызметкерлердің басым бөлігінде «Гидрометеорология» мамандығы бойынша білімі бар. Ұжымда ЖҚЗ жұмыс тәжірибесі бар техника ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты жұмыс істейді.
Басқарманың барлық қызметкерлері ГАЖ-технологиялармен жұмыс жасауда сертификатталған және лицензиялық ArcGIS 10.2 БҚ бойынша жұмыс істейді.