РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 29 қыркүйек 2019 14:35, Изменено: 24 ақпан 2020 15:51

Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 25 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы

                          

                Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады, соған байланысты көбінісе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың батысы мен солтүстік батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, батыста көктайғақ, солтүстік пен солтүстік батыста жаяу бұрқасын күтіледі.

                Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.