Ауа райы
Нұр-Сұлтан
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семипалатинск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
11.07.2020
Icon
+15 °C
  • Ауа температурасы түнде:+15+17 °C
  • Желдің жылдамдығы:1 м/с

Неблагоприятные метеорологические условия загрязнения воздуха не ожидаются.

12.07.2020
Icon
+29+31 °C
  • Ауа температурасы түнде:+16+18 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
13.07.2020
Icon
+27+29 °C
  • Ауа температурасы түнде:+15+17 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
Icon
Дауылды
ескерту
Нұр-Сұлтан
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семипалатинск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • 11.07
  • 12.07
  • 13.07
11.07.2020
Icon
+15 °C
  • Ауа температурасы түнде:+15+17 °C
  • Желдің жылдамдығы:1 м/с

Неблагоприятные метеорологические условия загрязнения воздуха не ожидаются.

12.07.2020
Icon
+29+31 °C
  • Ауа температурасы түнде:+16+18 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
13.07.2020
Icon
+27+29 °C
  • Ауа температурасы түнде:+15+17 °C
  • Желдің жылдамдығы:7-12 м/с
Icon
Дауылды ескерту

Қоршаған орта жағдайының мониторингі

Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі

Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 45 елді мекенде 140 бақылау бекеттерінде және жылжымалы зертханалардың көмегімен жүргізіледі.

55 бекетте қол көмегімен сынама бағдарламасына сәйкес тәулігіне 3-4 рет (07, 13, 19, 01 сағ.) алынып, одан әрі зертханаға ластаушы заттар концентрациясын анықтау үшін жолданады.

85 автоматты бекеттерде үздіксіз режімде бақылау жүргізіледі.

Бекеттерде және жылжымалы зертханалардың көмегімен келесі көрсеткіштер анықталады: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртегі диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон (жерге жақын), күкіртті сутегі, фенол, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, көмірсутектер, аммиак, күкірт қышқылы, формальдегид, метан, көмірсутектер жиынтығы, мышьяк б/о қосындылары, кадмий, қорғасын, хром, мыс, бензол, этилбензол, бенз(а)пирен, бензин, бериллий, марганец, кобальт, мырыш, никель, сынап.   

Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жәй-күйінің мониторингі

Атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамын (46 метеобекетте - ай сайын), қар жамылғысындағы ластаушы заттар мөлшерін (39 метеобекетте – жылына 1 рет, қардың ылғал қорының максималды кезеңінде) бақылау атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және ластаушы заттардың таралу аймағын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жауын-шашын мен қар сынамаларында келесі көрсеткіштер анықталады: аниондар (сульфаттар, хлоридтер, нитраттар, гидрокарбонаттар),  катиондар (аммоний, натрий, калий, кальций, магний),  микроэлементтер (қорғасын, мыс, кадмий, күшән), қышқылдық;- меншікті электр өткізгіштік.

Радиациялық мониторинг

Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивті ластануды бақылау 89 метеобекетте және 23 автоматты бекеттерде гамма-сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатын және 43  метеобекетте жиынтық бета-белсенділікті анықтау арқылы жүргізіледі.

Топырақ жай-күйінің мониторингі

Топырақтың жай-күйін бақылау 102 бақылау нүктелерінде жүргізіледі. Сынамалар елді мекендер мен өнеркәсіптік аудандар шегінде жылына екі рет алынып, одан әрі ауыр металдардың (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром, никель, марганец) және мұнай өнімдерінің мөлшері анықталады.

Жер үсті суларының сапасының жай-күйінің мониторингі

Жер үсті сулары сапасының жәй-күйін бақылау желісі 143 су нысандарында (оның ішінде 93 өзенде, 31 көлде, 15 су қоймасында, 3 каналда және Каспий теңізінде) орналасқан 424 тұстамада жүргізіледі. Жер үсті суларының ластануын зерделеу кезінде алынатын су сынамаларында 60 физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталады, оның ішінде температура, су шығыны, өлшенген заттар, түсі, мөлдірлігі, сутегі көрсеткіші, еріген оттегі, ОБТ-5, ОХТ, тұздық құрамның басты иондары, биогенді элементтер, мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металдар, пестицидтер.

Трансшекаралық су ағындарының мониторингі

«Қазгидромет» РМК 32 трансшекаралық өзендерде: Қытаймен, Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық өзендерде  жер үсті сулары сапасының жәй-күйіне мониторинг жүргізеді.

Фондық мониторинг

Қазақстанда биосфераның ластануының фондық жәй-күйі және оның өзгеру үрдістері туралы ақпарат алу мақсатында Ақмола облысында  бір «Бурабай» табиғи ортаның кешенді фондық мониторинг станциясы (СКФМ) ұйымдастырылған.