Терминологиялар

 ЖАЛПЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ АУА РАЙЫН БОЛЖАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН, ТЕРМИНОЛОГИЯЛАР

         1. Негізгі ережелер
Ауа райын болжаған кезде, бұлттылық, жауын-шашын, ауа райының құбылысы, жел, ауаның температурасы көрсетіледі. Ескертулерде  тек құбылыстар, яғни өзінің белгісіне ҚҚ немесе АГҚ қатысты  көрсетіледі.

         2. Ауа райының бұлтты болған кезінде қолданылатын, терминдер.
Бұлттылықтың терминдері және олардың мөлшерлі өзгешелігіне сәйкестілігінің мәліметтері  1 кестеде  берілген.

1 кесте

Бұлттылықтың терминдері және олардың мөлшерлі өзгешелігіне сәйкестілігінің мәліметтері 

 

 

Термин

Бұлттылықтың мөшері, баллдары

1

 

2

 

 

3

 

4

 

5

 

6

 

Бұлтсыз, ашық, ашық ауа райы

 

Шамалы бұлтты

 

 

Көшпелі бұлтты

 

Бұлт сейіліп күн ашылады

 

Бұлтты, бұлыңғыр

 

Бұлттылықтың мәніне дейін көбейуі

Барлық қабаттарда бұлттардың 2 балдан көп болмауы

Төменгі қабаттағы бұлттылық 3-5 бал немесе жоғары қабаттағы бұлттылықтың қайсысы болса да немесе ортаңғы қабаттағы көрінетін бұлттылықтың мөлшері

Төменгі немесе ортаңғы қабаттардағы бұлттылықтың  1-3-тен 6-9 немесе 3-8 балға дейін жетуі

Төменгі немесе ортаңғы қабаттардағы бұлттылықтың   8-10 ден 0-3 балға дейін жетуі


Төменгі немесе ортаңғы  тығыздалған бұлттылықтың 8-10 балға жетуі

Төменгі немесе ортаңғы  тығыздалған көрінбейтін формадағы бұлттылықтың 1-3-тен 8-10 балға дейін жетуі

3. Жауын-шашын болжауында қолданылатын, терминдер

3.1 Болжауда жауын-шашынның мөлшерлі өзгешелігі, олардың фазалық күйі және уақыты мен ұзақтығы көрсетіледі.

3.2 Жауын-шашын үшін терминдер мен олардың мөлшерлі өзгешелігінің сәйкестілігі 3 кестеде көрсетілген.

3.3. Жауын-шашынның фазалық күйінің  ерекшелігі үшін  мына терминдер қолданылады: “жаңбыр”, “қар”, “жаңбырдың соңы қарға ұласады”, “қардың соңы жаңбырға ұласады”, “жауын-шашын”. “Жауын-шашын” термині ауаның температурасы плюс 5 оС-тан минус 5 оС-қа дейін болған кезде қолданылады.

2 кесте

Жауын-шашын үшін терминдер мен олардың мөлшерлі өзгешелігінің сәйкестілігі

 

Терминдер

Жауын-шашынның мөлшері, мм/12 сағ

сұйық

қатты

 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

Жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы

Әлсіз (шамалы жауын-шашын), сіркіреген жауын-шашын

Жауын-шашын (жаңбыр, қар)

Сел қауіпті аудандардағы, қатты жауын-шашын

Сел қауіпті аудандардағы, өте қатты жауын-шашын

 

0 - 0.3

 

0.0 - 0.9

 

1 - 14

 

15 - 49
15 - 29

³ 50
³ 30

 

0 - 0.2

 

0.0 - 0.5

 

0.6 - 6

 

7 - 19

 

³ 20

3.4. Жауын-шашынның ұзақтылығының өзгешелігі бойынша  3-ші кестеде көрсетілген терминдер қолданылуы мүмкін.

 

3 кесте

Жауын-шашынның ұзақтылығының өзгешелігі бойынша  қолданылатын, терминдер

Терминдер

Ұзақтылығы бойынша өзгешелігі

 

Өткінші

Ұзаққа созылған

Кей уақытта

 

Ұзақтығы  ≤ 3 сағ.

Ұзақтығы  ³ 6ч

Болжау кезінде жауын-шашын екі рет немесе одан көп жауса, әр ұзақтығы  ≤ 3 сағ.

3.5  Егер болжауда “ашық”, “бұлтсыз”, “шамалы бұлтты” немесе “ашық ауа райы” болса, онда “жауын-шашынсыз” термині қолданылады.

4. Ауа райының құбылыстарында қолданылатын, терминдер

4.1 Болжауда мына құбылыстар көрсетіледі: бұрқасын, жаяу бұрқасын, қырау, шаңды дауыл, тұман, шквал, бұршақ, құйын, найзағай, көктайғақ, қырау, үсіктер (1-ші кестені қараңыз).

5. Желді болжаудағы қолданылатын, терминдер

5.1 Болжауда желдің бағыты мен жылдамдығы көрсетіледі.
5.2 Желдің бағыты көкжиектің төрттігінде (жел қай жақтан соғады) көрсетіледі.
5.3. 5 м/с-тан аса  ара қашықтығымен желдің жылдамдығы көрсетіледі. Бір градацияда қауіпті және қауіпсіз, қауіпті және өте қауіпті (АГҚ) желдің жылдамдығының мәні көрсетілмейді.
5.4. Егер де болжауда желдің жылдамдығы 32 м/с немесе одан асатын болса, онда “дауыл” терминін қолдануға болады.
5.5. Егер де, болжанылған кезеңнің ішінде желдің жылдамдығы ҚҚ градациясына жетпеуі күтілетін болса, онда желдің басым жылдамдығы көрсетіледі.  Егер де қанда бір кезеңде  желдің жылдамдығы ҚҚ немесе АГҚ-тың мәніне дейін күшейетін болса, онда яғни желдің жылдамдығы  осы белгілерге жететін болса, онда жарты тәуліктің бөлігін көрсету керек.
Мысалы: Оңтүстік батыстан күші 7-12 м/с-тық жел күтіледі, күндіз 18-23,  екпіні 30 м/с-қа дейін күшейеді.

6. Ауа температурасын болжағанда қолданылатын терминдер

6.1 Ауа райын болжағанда ауаның түнгі ең төменгі температурасы мен ауаның күндізгі ең жоғарғы температурасы көрсетіледі.

6.2 Бөлімшелер үшін 2 0С-тан көп емес, ал аймақтар бойынша  5 0С аралықтағы минимальды және максималды  температурасы көрсетіледі. Бір градацияда көктемгі және күзгі үсіктерді қауіпті және қауіпсіз мәнді температураларды  көрсетуге болмайды. Температураны бір санмен  ғана, мысалы,  20 0С шамасында  деп көрсетуге болады. Яғни, бөлімшелерде 19-21 0С, аймақтар бойынша 18-22 0С күтіледі. Аймақтардың бөліктері бойынша “дейін” жалғау температурасын қолдануға болады.  Мысалы: 20-25, шығыста 35  0С-қа дейін. (яғни 30-35 0С).

6.3  Егер де өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде ауаның температурасының төмендеуі күтілсе немесе топырақ бетінде теріс мәнге дейін жетсе, онда минимальды температураның көрсеткішімен “үсік” терминін қолдануға болады.
6.4 Егер де ауаның температурасы 10 0С-қа дейін немесе одан да жоғарыға дейін (максимальды, минимальды, жүрістің ауытқуы бойынша) өзгеруі күтілсе, “қатты суық (жылы)”, температураның “күрт төмендеуі (жоғарылауы)” терминін қолдануға болады.

6.5 Болжауды 7 тәулікке жасау кезінде? Егер күнін көрсетуге мүмкіншілік жоқ болса, -тан...-ға дейін “жоғарылайды (төмендейді)”,   -тан...-ға дейін “температураның ауытқуы” қолданылады. Бірінші жағдайда ауа температурасының кезеңнің басынан соңына дейін бірқалыпты өзгеруі болса, ал екінші жағдайда болжанатын кезеңнің ішінде ауа температурасының 50С-тан аз емес, тәуліктен тәулікке дейін төменнен (жоғарыдан) жоғары төмен қарай толқын тәрізді өзгеруін айтуға болады. Ауа температурасының секірмелі өзгерулері болған жағдайда күндерін көрсету қажет.

6.6  ҚҚ және АГҚ бойынша болжау температураларының белгілері 4-ші кестеде көрсетілген.

4 кесте

Болжауда қолданылатын ауа температурасының (0С-пен)  ҚҚ және АГҚ сандық ерекшеліктері

 

 

 

        Облыстар

Қатты
аяз

Өте қатты
аяз

Қатты
ыстық

өте
қатты
ыстық

 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14

Солтүстік Қазақстан
Қостанай
Ақмола
Павлодар
Батыс Қазақстан
Маңғыстау
Ақтөбе
Қарағанды
Шығыс Қазақстан
Қызылорда
Оңтүстік Қазақстан
Жамбыл
Алматы
Атырау

-40
-40
-40
-40
-35
-20
-35
-35
-40
-30
-25
-30
-25
-30

-45
-45
-45
-45
-40
-25
-40
-40
-45
-35
-30
-35
-30
-35

35
35
35
35
35
38
35
35
35
40
40
38
35
35

40
40
40
40
40
43
40
40
40
45
45
43
40
40

 

 7. Жауын-шашынның басталу немесе аяқталу уақытын, ҚҚ, АГҚ немесе олардың қарқындылығын көрсету бойынша қолданылатын терминдер.

 7.1 ҚҚ және АГҚ ескерту туралы, егер де болжауды құрған  мезеттен  бастап таяудағы 6 сағатта  қарқындылығының аяқталуы немесе өзгеруі туындаса, 3 сағаттағы аралықтағы сағаттың уақыты көрсетіледі немесе “таяу аралықтағы сағатта” немесе “таяу аралықтағы 2 сағатта” т.б. терминдері қолданылады.
7.2 Тәуліктік ауа райын болжауда, жауын-шашынның  пайда болу немесе аяқталу уақытын көрсету үшін оларды анықтаулар мен ескертулер, ҚҚ және АГҚ, егерде олар 6 сағаттан аса күтілсе, 5-шы кестеде көрсетілген  терминдерді қолдануға болады.

5 кесте

Тәуліктік уақыттың өзгешелігі

Терминдер

Кезең, сағ. (жергілікті уақыт)


Таңертең
Күннің бірінші жартысы
Күнннің екінші жартысы
Кеш
Түннің бірінші жартысы
Түннің екінші жартысы

 5-тен 9 сағ. дейін
9-дан 13 сағ. дейін
13-тен 17 сағ. дейін
17-ден 21 сағ. дейін
21-ден 1 сағ. дейін
1-ден 5 сағ. дейін

7.3 Алдын-ала жасалған 12 сағаттан аса тәуліктік ауа-райын болжауда және ескертуде, егер де 6-шы кестедегі терминдерді қолдануға мүмкіншілік болмаса, онда “күндіз”, “түнде” терминдерін қолдануға болады.
7.4 Келесі 2 тәулікке немесе  7 күнге дейінгі болжауларда күндерін қажетінше көрсету қажет.

8. Аймақ бөліктерін көрсету үшін, күтілетін жауын-шашын, құбылыс, температура, жел терминдері негізгі фоннан ерекшеленеді. 

8.1. Егер біркелкі мінезді ауа райы күтілсе, аймақ үшін бір ғана болжау (ескерту) жасалады, не болмаса бұл аудандар бойынша ауа райы әр түрлі болса, онда аймақтардың жекелеген аудандары бойынша анықтама жасалады. Аймақты бөліктерге бөлу административтік немесе географиялық белгілер бойынша (батыс және шығыс, шығыста; орталықта; тау және тау бөктерлі аудандарда және т.б.) өткізілу керек. Бұл жағдайларда “кей жерлерде”  деген термин қолданылмайды.
8.2 Егер ауа-райы жағдайына байланысты жауын-шашынның немесе құбылыстың  белгілі бір аймақ бөліктерінде  күтілуін анықтай алмаса, < 30 % көлемдегі алаңда жауын-шашын немесе құбылыс күтілмесе, қалған аймақтардың бөліктерінде жауын-шашынсыз болуы мүмкін немесе ауа райының құбылысы көрсетілмеген жағдайда,  онда “кей жерлерде” немесе “жекелеген аудардарда” деген терминдерді  қолдануа рұқсат етіледі.
8.3 Егер де болжауда немесе ескертуде “кей жерлерде” деген термин болмаса, онда бұл болжау < 30 % көлемдегі алаңға, сонымен бірге барлық аймақтарға қатысты деп есептелінеді. Сондықтанда жауын-шашын немесе құбылыс белгілі бір градацияларда   30 % -дан кем көлемде байқалуы қажет. Ал қалған аймақтар барлық төменгі градацияда орналасуы, сонымен бірге жауын-шашынсыз немесе құбылыссыз болуы мүмкін.
8.4 Жауын-шашын немесе құбылыс болмаса “кей жерлерде” немесе “жекелеген аудардарда” деген терминдерді қолдануға рұқсат етілмейді, мысалы “кей жерлерде жауын-шашынсыз”, “кей жерлерде тұман болмайды”, бірақ  аймақтық бөліктерін бөлуге болады: “облыстың оңтүстігінде жауын-шашын болмайды, ал қалған аймақтарда жаңбыр болады. ”
8.5 Жауын-шашын немесе ауа райы құбылысының болмауына нақты сенімділік жеткілікті болмасагазеттерге шығатын, радио мен теледидар арқылы берілетін  арнайы ауа райы болжауларында  “ықтимал”, “болуы мүмкін” деген терминдерді қолдануға болады.
8.6 ҚҚ және АГҚ ескертулері бойынша “ықтимал”, “болуы мүмкін” деген терминдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

ТӘУЛІКТІК АУА РАЙЫ БОЛЖАУЫНЫҢ ДӘЛДІГІН, КЕЛЕСІ ЕКІ ТӘУЛІКТІҢ АУА РАЙЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АНЫҚТАЛУЫН БАҒАЛАУ

9. Жалпы ережелер

9.1 Тәуліктік ауа райын болжау, оның анықталуын бағалау  пункттер мен аймақтар бойынша, ал келесі екі тәулікке – тек аймақ бойынша бағаланады. Апталық болжауда алдыңғы екі тәуліктік ауа райы бағаланады.
9.2 Тәуліктік және келесі екі тәуліктік ауа райы  күндіз бен түнге бөлек бағаланады.
9.3 Тәуліктік ауа райын болжауда осы барлық анықтамалардың тек біреуі таңертеңгі жергілікті уақытпен 8-ден кешіктірілмей радиодан хабарланатыны ғана бағаланады.
9.4 Тәуліктік ауа райының құрастырылуы бойынша, пункттегі бақылау мәліметтері, ауа райын аймақтық болжауларды бағалауда пайдаланылу керек.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»