РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 27 желтоқсан 2016 01:12, Изменено: 18 қаңтар 2019 13:48

«Қазгидромет» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына қажет етілетін мамандар:

1. Метеоболжаулар мен байланыс бөліміне инженер (синоптик)– 1 бірлік:

Функционалды міндеттері:

компьютерлік бағдарламаларды қолданып ауа райының болжамдарын жасау үшін қажет аэросиноптикалық  материалдың толық талдауын жүргізу;

-  Батыс Қазақстан облысы аймағы бойынша жалпы қолданымдағы 1 тәулікке ауа райының болжамын  және мамандандырылған болжамдар жасау үшін қажет жұмыстар көлемін орындау;

- ауа райының қауіпті және апатты және ауа райының күрт өзгерілуі туралы алдын ала есертулер дайындап орнатылған сұлба бойынша тұтынушыларға жеткізу;

Біліктілік талаптары: «Метеорология» мамандығы бойынша жоғары білімі болуы тиіс.

Лауазымдық жалақысы біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты келешекте ұлғаю мүмкіндігімен айына 80 000 тенге құрайды.

2. Ақпараттық-техникалық бөлімнің IT маманы– 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІТ-жабдықтарды пайдалануға қосу, жөндеу, жаңғырту, соның ішінде компьютер техникасын, дата логгерлер, интерфейс түрлендіргіштерге бағдарламалық жасақтаманы орнату). Жергілікті желі мен интернет байланысын қамтамасыз етуді басқару. ІТ- жабдықтардың  жұмыс жасауын қамтамасыз ету, соның ішінде компьютерлер, принтерлер, сканерлер, жүйелік құрылғылар (концентраторлар, көпірлік байланыс, коммутаторлар және т.б.) және стандартты бағдарламалық қамту ( операциялық жүйелер, офистік бағдарламалар, кәсіпорыннан тыс дайындалған және стандартты бағдарламалық қамту ретінде пайдаланатын басқа бағдарламалар). ІТ-жабдықтың профилактикалық жұмыстарын жүргізу.

Біліктілік талаптары: Жоғары техникалық білімі немесе тиісті мамандық бойынша бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар арнайы орташа білімі болуы тиіс.

Лауазымдық жалақысы біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты келешекте ұлғаю мүмкіндігімен айына 95 000 тенге құрайды.

3. Ақпараттық -техникалық бөліміне  қауіпсіздік техникасы бойынша  инженері – 1 бірлік:

Функционалды міндеттері: Кәсіпорында еңбекті қорғаудың заңнамалық және басқа  нормативтік-құқықтық актілерінің  (НҚА)  сақталуын қадағалау. Ғимараттардың, құрылыстардың, санитарлы-тұрмыстық жайлардың техникалық жағдайларын тексеру, қарау, қызметкерлердің ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын тексеру, олардың еңбекті қорғаудың НҚА сәйкес болуын анықтау. Жаңадан келген және іссапарға бара жатырған қызметкерлерге  нұсқама беру.

Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орны немесе/және «Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша орташа техникалық білімінің болуы.

Лауазымдық жалақысы біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты келешекте ұлғаю мүмкіндігімен айына 70 000 тенге құрайды.

Құжаттарды қабылдауды бастау күні 2019 жылғы 18 қаңтар

Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні 2019 жылғы 25 қаңтар

Қазгидромет» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бос жұмыс орындарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажет  құжаттар тізімі:

  1. өтініш;
  2. жеке куәлік немесе паспорт (оралмандар жергілікті атқарушы органдармен берілген оралман куәлігін ұсынады);
  3. тұрақты тұруға рұқсат немесе  азаматтығы жоқ тұлға куәлігі ( Қазақстан Республикасы аймағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен  азаматтығы жоқ тұлғалар үшін)  немесе босқын куәлігі;
  4. тиісті білімді, ептілікті, дағдыларды талап ететін жұмысқа орналасу шартын жасау үшін білімін, біліктілігін, арнайы білімін немесе кәсіби дайындығын куәландыратын құжат;
  5.  еңбек қызметін растайтын құжат ( еңбек өтілдері бар тұлғаларға);
  6. алдын-ала  медициналық куәландырудан өту туралы құжат;
  7. әскери міндетті және әскери қызметке шақыруға жататын  тұлғалар үшін әскери есепке алу құжаты;
  8.  3х4 см көлемді 1 дана фотосурет.

Өтініш пен тиісті құжаттар Орал қ. Жәңгір хан көшесі 61/1, 2 қабат, кадрлар маманы кабинеті  мекен жайына ұсынылады, тел. 522021.

 

«Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалына мына қызметкер қажет:

Ақпараттық-техникалық бөлімінің бастығы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:

- Бөлімді басқаруды жүзеге асырады, бағдарламалық қамтамасыз етуді, техникалық инфрақұрылымды, байланыс және энергиямен қамтамасыз ету құралдарын, жабдықтарды, құралдарды жұмысқа қабілетті күйінде ұстау жолымен өндірісті ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;

- Жабдықтарға, байланыс және энергиямен қамтамасыз ету құралдарына, аспаптарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын сақтайды;

- Функционалдық міндеттеріне кіретін қызмет саласын реттейтін қолданыстағы заңнама нормаларының, стандарттардың, әдістемелік ұсынымдардың және өзге де нормативтік құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады;

- Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- Оның функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша "Қазгидромет" РМК филиалы мен Орталық аппараты басшылығының бұйрықтары, жұмыс жоспарлары мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

- Жоспарларды, кестелерді, міндеттерді талдау, әзірлеу, дайындау, мониторингілеу және орындау, есептерді, мәліметтерді және басқа да ақпараттық материалдарды уақтылы және сапалы дайындау және ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

- Бөлім қызметкерлерінің біліктілік деңгейін, дағдылары мен іскерліктерін оқытуды және арттыруды ұйымдастырады, бөлім қызметкерлерінің өзара алмасуын қамтамасыз етеді;

- Мемлекеттік сатып алуды өткізу шеңберінде сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің техникалық ерекшеліктерін әзірлейді, өз құзыреті шегінде шарттардың талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және жәрдемдеседі;

- Энергия, электрмен жабдықтау және байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

- Жұмысты жақсарту, тиімділігін арттыру және бөлім қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсыныстарды басшылыққа уақтылы енгізеді.

 

Біліктілік талаптары: Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, жоғары техникалық білімі бар.

Лауазымдық еңбекақысы біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін құрайды.

2019 жылдың 16 қаңтарында құжаттарды қабылдаудың басталу күні

2019 жылдың 22 қаңтарында құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні

Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшінқажетті құжаттар тізімі:

  1. жекеөтініш;
  2. жекекуәлікнемесе паспорт (жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынатын оралмандар);
  3. тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе босқын куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар  және шетелдіктер үшін);
  4. тиістібілімді, біліктілікті және дағдылардыталапететін,арнайыбілімі барнемесе жұмысқа еңбек шарты болған кезде кәсіби дайындығы бар, біліктілігі,білімітуралықұжат;
  5. еңбекқызметінрастайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. алдынала медициналықкуәландыруданөткенітуралықұжат;
  7. әскериқызметкешақырылуғажататынжәне әскериміндеттілерүшінәскериесепкеалуқұжаты;
  8. 3х4 көлеміндегі фото, 1 дана;

 

Өтініш және қоса берілген құжаттар мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 15 үй, «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы, тел. 8 (7212) 565318.