РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 18 тамыз 2019 02:45, Изменено: 19 тамыз 2019 15:36

Қазақстан аймақтарында 2019 жылғы 20 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

           Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте-шаңды дауыл, республиканың солтүстігінің кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістанда, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде,  Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.