РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 26 желтоқсан 2016 13:18, Изменено: 14 наурыз 2019 17:55


 

ҚҰРМЕТТІ АВТОРЛАР!

«ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» журналының (тіркеу куәлігінің №1538) нөмірі ISSN 2079-6161 редакциялық алқасы Сізді серіктестікке шақырады. Қолжазбалардың жарияланғаны үшін авторлар ақысы өндіріп алынбайды.
Қазақстан ғылыми кадрларын аттестациялау департаменті біздің журналымызды географиялық ғылым бойынша диссертациялардың негізгі  нәтижесін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне қосты.   

 

 

 

АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! «Ұлттық ғылыми техникалық ақпараттар орталығымен» жасалған шартқа сәйкес редакция Орталыққа электрондық кітапханаға қосу үшін журналдың электрондық нұсқасын береді. Орталық редакцияға басылымның библиометриялық көрсеткішін (импакт-фактор) ұсынады. Қазiргi уақытта журнал РҒДИ (Ресейлiк ғылыми дәйектеме индекс) базасына енгізілген.  
Біздің журналымызда метеорологияның, агрометеорологияның және климатологияның барлық саласы, физика шектес қабат және математикалық үлгілерді жасау бойынша мақалалар жарияланды. Журналдың гидрологиялық бөлімі құрлық пен теңіздердің, су ресурстарының, қар көшкіндерінің және сел арналарының гидрологиясы саласындағы зерттеулердің нәтижелері беріледі. Басылымның негізгі бөлігін қоршаған орта мен экология аспектілерінің географиялық мәселелеріне арналған басылымдардан тұрады. Шаруашылық субъектілерінің және Қахзақстан республикасы тұрғындарының  гидрометеорологиялық қамтамасыз етілуі, гидрометеорологиялық ақпарат маркетингі, сондай-ақ «Казгидромет» РМК желілік бөлімшелерінің жұмысын жоспарлауды және басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Географиялық ғылымның әртүрлі салаларының жетекші мамандары, Қазақстанның және жақын шет мемлекеттердің ең жақсы ЖОО-ның және академияларының профессорлары мен оқытушылары Біздің журналымыздың серіктестері болып табылады. «ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» журналы – бұл географиялық ЖОО-ның практикалық мамандары, ғалымдары, оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ гидрометеорологияға және эколгияға қатысы бар салалардың сарапшылары үшін  гидрометеорология және экология саласында тиімді білім алудың және толықтырудың таптырмас мүмкіндігі.  
       
«Гидрометеорология және экология» ғылыми-техникалық журналының редакциялық алқасы:

  • Қынатов Марат Полатұлы (бас редакторы, РМК «Қазгидромет» бас директордың, Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымында Қазақстан Республикасының ресми уәкілі)
  • геогр. ғылымд. канд. Саиров Серік Бияхметұлы (бас редакторының орынбасары)
  • геогр. ғылымд. канд. Ивкина Наталья Ивановна (бас редакторының орынбасары)
  • Абаев Нұрлан Нүсіпбайұлы (жауапты хатшы)

Журналдың электронды нұсқасы

Электрондық журнал ғылыми электрондық кітапхана сайтта орналасқан.

Байланыс ақпараты

Редакциянын мекенжайы:

050022, Алматы, даңғ. Абая, 32, п. 309, 307

Телефон:

(727) 267 64 91, (727) 255 84 06

Электронды пошта:

hydromet.journal@gmail.com

Аталған материалдар мекенжай редакцияның поштасына, электрондық поштасына hydromet.journal@gmail.com жіберілуі мүмкін.