РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 19 қаңтар 2019 11:55, Изменено: 21 қаңтар 2019 12:21

         

 

2019 жылғы 20-шы қаңтар күндіз және 21-ші қаңтар түнде бақыланған нақты ауа-райына шолу

                Қарағанды облысының кей жерлерінде  қар жауды,  күндіз жекелеген ауданында қатты жауды, кей жерлерінде тұман бақыланды, жекелеген ауданында жел 15-16 м/с күшейді. Түркістан облысында жауын-шашын жауып өтті, күндіз жекелеген ауданында қатты қар байқалды, кей жерлерінде тұман бақыланды. Ақмола облысында қар жауып өтті, түнде жекелеген ауданында қатты жауды, күндіз кей жерлерінде, түнде жекелеген ауданында тұман бақыланды, жел 15-17 м/с күшейді. Жамбыл облысында жауын-шашын жауып өтті, түнде жекелеген ауданында қар қатты жауды, кей жерлерінде  тұман бақыланды. Алматы облысының кей жерлерінде түнде қар жауды, кей жерлерінде жел 15-28 м/с күшейді, жекелеген ауданында екпіні 32-40 м/с жетті, түнде тұман болды. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз аздаған, түнде басым бөлігінде қар жауып өтті, күндіз жекелеген ауданында тұман бақыланды.  Қостанай, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде күндіз, кей жерлерінде түнде қар жауып өтті, Ақтөбе облысында тұман бақыланды. Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз аздаған жауын-шашын жауды, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз тұман бақыланды. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын жауып, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман бақыланды. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз аздаған жауын-шашын жауып өтті, кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалды, күндіз жел 16 м/с күшейді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-26 м/с күшейді.