РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 17 наурыз 2017 17:50, Изменено: 24 қазан 2019 17:26

АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

2019 жылғы қараша - 2020 жылғы наурыз
 

2019 жылғы 24 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК алдағы қысқы кезеңге ауа райы болжамына арналған баспасөз конференциясы өтті. Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт пен Гидрометорталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Баспасөз конференциясы барысында Гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт, алдын ала болжам бойынша қараша айында ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, тек еліміздің батыс және шығысында норма шамасында күтілетіндігін хабарлады. Жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, тек қиыр оңтүстікте және солтүстік-шығыс аудандарының кей жерлерінде нормадан көп, республикамыздың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанады.

Қыстың алғашқы екі айында (желтоқсан, қаңтар) республикамыздың басым бөлігінде салыстырмалы жылы ауа райы болады деп болжануда, сонымен қатар ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С-қа төмен күндер де болуы мүмкін.

Қазақстан аумағы бойынша циклондардың және олармен байланысты атмосфералық фронттардың жиі өтуіне байланысты желтоқсан айы жауын-шашынды болады деп болжанады.

Гидрометорталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова атап өткендей, ақпан айында Карск теңізі аудандарынан суық ауа массаларының жиі басып кіруі және Сібір антициклонының орнатылуымен Қазақстан аумағындағы ауа температурасы нормадан 1...2°С төмен болады деп болжанады. Республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын аз болады, ҚР солтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.

2020 жылдың көктемі күнтізбелік мерзімде күтіледі. Орташа айлық ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың оңтүстік және шығысындағы таулы және тау бөктері аудандарында нормадан көп болады деп болжанады.

Маусымдық болжам ауа температурасы мен жауын-шашынның климаттық нормадан ауытқуын білдіреді, яғни ай нормаға қатысты жылы немесе суық, жаңбырлы немесе құрғақ болады деп болжанады.

Спикерлер атап өткендей, маусымдық болжамның орташа ақталуы 60-65% құрайды, сондықтан, маусымдық болжамды консультативті ретінде пайдалану керек, ол кейіннен айлық, онкүндік, апта бойынша ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

2019 жылғы қараша – 2020 жылғы наурыз аралығына арналған консультативтік ауа райы болжамы жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметтеріне қыс кезеңіне дайындалу және уақтылы шаралар қабылдау үшін жолданған болатын.