РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 24 маусым 2019 15:38, Изменено: 27 маусым 2019 11:41

          Қазгидромет РМК Атырау филиалы қызметінің негізгі мақсаты ауа райы, климат және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қауіпті және апатты метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық құбылыстар мен қоршаған орта ластануының экстремалды жоғары деңгейлері туралы хабардар ету, су ресурстарының саны мен сапасын бағалау және болжаумен қамтамасыз ету болып табылады.

          Қазгидромет РМК Атырау филиалының негізгі міндеттері:

- Гидрометеорологиялық болжамдардың барлық түрлерін дайындау және жасау;
- Гидрометеорологиялық бақылаулар мен қоршаған ортаға мониторинг жүргізу;
- Апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың туындау мүмкіндігі туралы ескерту;
- Табиғи орта ластануының гидрометеорологиясы бойынша республикалық деректер қорын жүргізу.
 
Желілік ұйымдар (түр, разряд), бақылау түрлері және жекелеген бақылаулар мен жұмыс түрлері
Саны
1
Станциялардағы метеорологиялық бақылаулар:
М – II разряд
оның ішінде MAWS301
Автоматты станциялар AMS-111
9
8
2
2
Аэрологиялық бақылаулар
АЭ – II
1
3
Агрометеорологиялық бақылаулар
М – II
2
4
Гидробекеттердегі гидрометеорологиялық бақылаулар
ГП-1
ГП - 2
МГП -2
Автоматты станциялар
7
1
3
2
5
Атмосфералық ауа ластануын бақылау бекеті
ПНЗ
СКАТ
АС Ecotech
2
2
2
 

Қазгидромет РМК Атырау облысы бойынша филиалының құрамына кіреді:

  • Қоршаған ортаны кешенді бақылау хертханасы Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша атмосфералық ауа сынамаларын, атмосфералық жауын-шашын, Жайық өзені, Шаронова өзені, Қиғаш өзені, Ембі өзені жер үсті сулары және теңіз суларын, Солтүстік Каспий түбіндегі шөгінділерді зерттеуді жүзеге асырады;
  • Метеорологиялық болжау бөлімі Атырау облысы және Атырау қаласы аумағы бойынша бір тәулікке арналған жалпы қолданыстағы ауа-райы болжамдарын, оларды нақтылауды, бұқаралық ақпарат құралдары үшін ауа-райы болжамдарын, жасалған шарттар мен тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес мамандандырылған болжамдарды жасайды, тұрғындар мен үкіметтік органдарды ауа-райының күрт өзгеруі (АКӨ) және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың (ААҚ) туындау немесе сақталу қаупі туралы ескертеді, күнделікті ауа-райы бюллетенін шығарады. Ауа райының күнделікті бюллетені Атырау облысы мен Атырау қаласы бойынша бір тәулікке арналған ауа райы болжамын, алдағы тәуліктердегі қауіпті және маңызды құбылыстар болжамын және өткен тәуліктердегі негізгі метеорологиялық құбылыстарды шолуды қамтиды

Метеорология бөлімі жұмыс істеп тұрған он бір метеостанцияда тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізеді: Атырау, Махамбет, Пешной, Сағыз, Құлсары, Қарабау, Индербор, Ганюшкино және Жаңа Ұштаған мен 2 АМС: Мақат және Исатай. Барлық станциялар ІІ разрядты. Атырау, Ганюшкино, Жаңа Ұштаған, Мақат және Исатай станциялары - халықаралық бақылау алмасу станциялары. Пешной, Қарабау және Жаңа Ұштаған станциялары –  қиын байланысты станциялар.

Атырау және Құлсары қалаларының, сонымен қатар Махамбет, Ганюшкино, Сағыз, Пешной, Индер, Қарабау , Жаңа Ұштаған кенттерінің метеостанциялары 1933-1970 жылдардан өз бақылауларын жүргізеді.

Гидрология бөлімі: Атырау облысының аумағында 12 гидрологиялық бекет орналасқан, оның ішінде 1 су өлшегіш, 8 ағынды, 3 теңіз бекеттері. Гидрологиялық бекеттер судың деңгейі мен температурасына, мұз режимі мен судың ағынына стандартты бақылау жасайды.

Жайық өзеніндегі гидрологиялық бекеттер  жалғасқан бақылау қатарына ие: Жайық ө.-Атырау қ. гидропосты 1915 жылдан, Жайық ө.-Махамбет п. гидропосты 1932 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. 

Гидрологиялық ақпарат, сонымен қатар гидрологиялық параметрлердің инженерлік есептері көптеген ұйымдар мен кәсіпорындарда сұранысқа ие. Бұдан өзге, филиал келісімшарттарға сәйкес тұтынушылардың сұранысы бойынша гидрологиялық жұмыстардың жекелеген түрлерін жүргізеді.

  • Аэрологиялық станция бөлімі атмосферада болып жатқан физикалық процестерді бақылаумен және зерттеумен айналысады. Сонымен қатар әртүрлі биіктіктегі температура режимі мен ауа ағынын зерттейді. Атмосфераның негізгі сипаттамалары температура және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, стандартты биіктіктердегі желдің қысымы мен жылдамдығы болып табылады.