РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 08 ақпан 2017 18:49, Изменено: 26 наурыз 2019 16:40
КҮНДЕЛІКТІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ № 54
 
20 наурыз 2019 ж., сейсенбі
 

              Өткен 21.03-25.03 аралығында Республиканың жазық және таулы аймақтарының жекелеген өзендерінде мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасты, су деңгейлерінің ауытқулары байқалды. Нұра, Шерубайнұра (Карағанды обл) өзендерінде су деңгейі 0.1-0.5 м. мұз құбылыстарының әлсіреуінен көтерілді.

            Қара Ертіс, Бұқтырма, Тұрғысын, Аягөз, Оба, Үлбі, Абылайкит, Древсянка, Уланка (ШҚО) өзендерінде мұздық құбылыстардың әлсіреуі байқалды және су деңгейлерінің 0.2-1.3 м. жоғарылады. Бұқтырма су қоймасына келіп түсетін су 225 м3/с дейін көбейді және Шүлбі су қоймасына келетін бүйірлік ағын 63 м3/с құрады. Бұқтырма су қоймасынан тасталатын су 459 м3/с, Шүлбі су қоймасынан тасталатын су 607 м3/с тең. Қызылорда облысында Сырдария өзені – Көкбұлақ ГБ тұстамасында су өтімі 640 м3/с-ке тең. Шардара су қоймасынан  су тасталымдар 220 м3/с тең, ондағы су көлемі  5023 млн м3 тең, суқойма толуда. Арналық реттеулердің әсерінен  Сырдария өзені Керкелмес а.-Қараөзек а. аумағында (Қызылорда облысы) су деңгейлерінің 0.3-0.7 метрге дейін жоғарылауы байқалады. Алматы облысы өзендерінде мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасты. Қапшағай су қоймасына келіп түсетін су – 425 м3/с. Су қоймадағы су көлемі 17120 млн. м3.

 
МАҢЫЗДЫ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА БОЛЖАМ
       
      Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығыс бөліктерінде ауа температураларының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты аталған аймақтардың өзендерінде мұздық құбылыстардың ары қарай әлсіреуі, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы  күтіледі, сонымен қатар, республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын болжамына байланысты өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүкін.