РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 наурыз 2018 10:32, Изменено: 28 наурыз 2018 16:29

Республикамыздың күздік дәнді дақылдарды егетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында наурыз айының екінші онкүндігінде температуралық фон жалпы нормадан 2-6˚С, батыста нормадан 4-7˚С дейін жоғары болып, жауын-шашын жаппай жауған, кей жерлерде онкүндіктік нормадан асқан.

Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау танаптарындағы күздік бидай егістерінің жай-күйі жалпы жақсы, Екпінді АМБ маңайындағы күздік бидай егістерінде қанағаттанарлық. Күздік бидайдың даму кезеңі: көктеу – түптену.

Алматы облысының Қырғызсай МС және Ұзынағаш МС маңайындағы бақылау танаптарында күздік бидайда вегетациясының кайта жаңғыруы байқалып, өсімдік жай-күйі жақсы, Қырғызсай МС маңайында қанағаттанарлық.

Жамбыл облысының бақылау танаптарында, сондай-ақ Құлан, Мерке, Нұлыкент және Төле би МС маңайындағы күздік бидай егістерінде вегетацияның қайта жаңғыруы, басқа бақылау бекеттерінде даму кезеңі: көктеу – түптену кезеңі байқалған. Өсімдік жай-күйі жақсы.

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында күздік бидайдың түптену түйінің тереңдігіндегі (3см) топырақтың минималды температурасы 0˚С құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Ошақты АМБ маңайындағы бақылау танаптарында дәнді дақылдарды себу алдында топырақты алдын-ала өңдеуге (жырту) кіріскен.

Республикамыздың оңтүстік өңірлерінде көпжылдық жоңышқа егістерінде: вегетацияның қайта жаңғыруы – сабақтың өсу-даму кезеңі байқалған. Өсімдіктің жағдайы жалпы жақсы, Оңтүстік Қазақстан облысының Екпінді АМБ және Шымкент МС маңайында қанағаттанарлық.

Алматы облысы бақылау танаптарының бақтарындағы жеміс дақылдарының (алма) даму кезеңі: бүршіктердің ісінуі байқалып, жеміс дақылдарының жағдайы жақсы. Алматы облысының Есік МС айналасындағы алма бақтарында онкүндіктің оныншы күні алма ағашының сабақтарын қырқуға кіріскен.

Наурыз айының екінші онкүндігінде жайылымдық мал шаруашылық аймақтарының басым бөлігінде ауа райы әдеттігіден жылы болып, барлық мал шаруашылығы аймақтарында жауын-шашын жауған.

Өткен онкүндікте Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Қостанай облысының Арқалық ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында мал қорада тұрған.

Басқа мал шаруашылығының жайылым бекеттеріндегі қыстақтарда мал жайылымда болды.

Алматы облысының Қаратал ауданында және Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында аналық және жас қара малды қосымша қоректендіру жалғасуда.

Алматы облысының Жамбыл және Балқаш аудандарында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында төлдеу компаниясы жалғасуда, Алматы облысының Қаратал ауданында онкүндіктің соңында төлдеу компаниясы басталған.

Жайылымды мал шаруашылығының басым пунктерінде онкүндіктің соңғы күні шөптің жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында және Алматы облысының Қаратал ауданында шөп жай-күйінің нашар екендігі жалғасуда.

Жайлымдардың малмен тапталуы орташа, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында және Алматы облысының Жамбыл және Қаратал аудандарында малмен тапталуы жоғары.

Онкүндіктің соңғы күні оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте, сондай-ақ орталықтың оңтүстік бөлігінде шымның жай-күйі дымқыл, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Қостанай облысының Арқалық ауданында  және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында шымның жағдайы қатқақ болған.