РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 25 мамыр 2018 09:44, Изменено: 27 маусым 2018 14:55

       Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай байқалды, жауған жауын-шашын топырақтың ылғал қорын толтырды.

       Алматы облысының бақылау учаскелеріндегі күздік бидай: сабақтану – масақтану, ал Үштөбе МС айналасында – гүлдену кезеңінде. Өсімдік биіктігі 16 - 43 см жетеді, Үштөбе МС маңында 60 см жетеді, төмен бойлы егістіктер Жалаңаш и Талдықорған МС маңайларында. Күздік бидайдың жай-күйі жалпы жақсы, Талдықорған МС айналасында қанағаттанарлық. 

      Жамбыл облысының бақылау учаскілеріндегі күздік бидайдың жай-күйі жалпы жақсы, Құлан МС айналасында қанағаттанарлық. Барлық жерде арамшөптің пайда болуы байқалады. Даму кезеңі: масақтану, Нұрлыкент МС және Сарыкемір АМБ маңындағы егістерде: сабақтану - төменгі сабақ түйінінің пайда болуы. Өсімдіктердің биіктігі 30 дан 71 см дейін жетеді.

      Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскілеріндегі күздік бидайдың жай-күйі жалпы барлық жерде жақсы, Екпінді АМБ айналасында қанағаттанарлық. Даму кезеңі: масақтану – гүлдену, Тасарық және Т.Рысқұлов атындағы ауылда: төменгі сабақ түйінінің пайда болуы. Өсімдіктердің биіктігі 32-79 см., Шымкент МС маңайында 89-108 см жетеді.

      Мамыр айының екінші онкүндігінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында  бірқалыпты жылы, кей жерлерде мөлшерден жоғары жауын-шашынды ауа райы жаздық дәнді дақылдардың өсуіне және дамуына қолайлы болды.

      Алматы облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық бидайдың жай-күйі жақсы, даму кезеңі: тамыр түйінінің пайда болуы - төменгі сабақ түйінінің пайда болуы. Арпаның биіктігі 12-21 см жетеді, төмен бойлы егістіктер Сарканд МС айналасында 8 см дейін. Жаздық бидай даму кезеңі: тамыр түйінінің пайда болуы – түптену, биіктігі 24-26 см жетеді. Косагаш АМБ маңында жаздық бидайды себу жұмыстары жалғасуда.

      Жамбыл облысының жаздық арпа егісінде: 3-ші жапырақ – төменгі сабақ түйінінің пайда болуы, Ассы АМБ айналасында – масақтану кезеңі. Өсімдіктердің жай-күйі жалпы жақсы, Ассы АМБ маңындағы егістерде қанағаттанарлық, онда арамшөптер кездеседі. Өсімдік биіктігі 26 - 64 см шамасында, Нұрлыкент және Мерке МС айналасында төмен бойлы егістіктер.

      Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт және Түлкібас аудандарындағы жаздық арпаның жай-күйі жақсы, биіктігі 22-35 см жетеді, 1м² өсімдіктердің саны 334 дананы құрайды. Даму кезеңі: тамыр түйінінің пайда болуы - төменгі сабақ түйінінің пайда болуы.

      Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы бақылау учаскілеріндегі жаздық бидай егістігінде: түптену,  жай-күйі жақсы, биіктігі 24 см жетеді. Бидай егісінде арамшөптер жиі кездеседі, бірақ өсімдік дақылдарына әсер етпеді.

      Мамыр айының екінші онкүндігінде республикамыздың солтүстік жартысындағы барлық егін егетін аудандарында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін (культивациялау, гербицидтармен, улы химикаттармен өңдеу) жаздық дәнді дақылдарды себуге кірісті. Себу жұмыстарының жүргізілуіне жалпы қолайлы жағдай болды, жауған жауын-шашын топырақтағы ылғал қорын біршама толтырды.

      Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнгі минус 1-7˚С дейінгі қатқақ ерте егілген бидай және арпаның егістігінде пайда болған көктеуге қауіпті болмады.

      Еліміздің шығысында, орталығында және батысындағы ерте егілген жаздық дәнді дақылдарында: дәннің өсу – 3-ші жапырақ кезеңі байқалады. Өсімдіктердің жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық.

      Еліміздің оңтүстігінде жылу сүйгіш дақылдарды, күріштен басқа, егу аяқталды, онда топырақты дайындау (культивациялау, чектерді тегістеу, азотты тыңайтқыштарды енгізу және чектерге суды жіберу) жалғасуда. Өсімдіктердің жай-күйі жақсы, ерте егілген егістер біркелкі көктеуде.

      Шығыс Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдеуден кейін күнбағысты себуге кіріскен.

      Қостанай облысының Михайловка МС маңындағы бақылау учаскілерінде топырақты алдын ала өңдеуден кейін майлы зығырды, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Чкалово МС айналасында жасымықты егуге кірісуде. Себу жұмыстарының сапасы жақсы.

      Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының бақылау учаскілерінде топырақты дайындағаннан кейін, картопты отырғызу жалғасуда. Егістік жұмыстарының сапасы жалпы өте жақсы.

      Қарағанды, Қостанай және Павлодар  облыстарының бақылау учаскілеріндегі еркек шөп егісінде сабақтың төменгі түйінінің пайда болуы, кейбір жерлерде – қайтадан өсіп-өну кезеңі байқалады. Қостанай облысының барлық жерінде еркек шөп шөбінің жай-күйі жақсы, Қарағанды облысында қанағаттанарлық, Павлодар облысында нашар және кей жерлерде қанағаттанарлық, малмен тапталған жерлер байқалады. Шөптің биіктігі 10-18 см, Павлодар облысында аласа бойлы 5-8 см.

      Батыс Қазақстан облысындағы бедеде: сабақтың өсу кезеңі байқалады, Өсімдіктің орташа биіктігі 18 см жетеді.

      Республикамыздың оңтүстік аймақтарындағы көп жылдық шөптердің (жоңышқа) учаскілерінде: сабақтың өсуі – гүлдену кезеңі байқалады. Шөптің жай-күйі жалпы жақсы. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент МС және Ошақты АМБ айналасындағы бақылау учаскілерінде және Жамбыл облысының Төле би МС маңындағы жоңышқа шөбін 1-ші шабуға кіріскен. 

      Мамыр айының екінші онкүндігінде мал шаруашылығы жайылымдарының басым бөлігінде ауа-райы әдеттегіден жылы болды, жауын-шашын оңтүстік-шығыста, Оңтүстік Қазақстан облысында және батыстың кей аудандарында жауған.

      Өткен онкүндікте барлық мал шаруашылығы жайылымдарында мал далада бағылды.

      Алматы облысының Қаратал ауданында төлдейтін аналық малды және төлдерді бордақылау жалғасуда.

      Мал шаруашылығында ветеринарлық шаралар жалғасуда, онкүндіктің басында Атырау облысының Қызылқоға ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында қойларды қырқу, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында малдарды профилактикалық шомылдыру басталған.

      Шымның жай-күйі жалпы құрғақ және тек Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы  жайылымдарда шым дымқыл болды.

      Жайылымдар мен шалғындықтардың жай-күйі жалпы жақсы және өте жақсы. Жайылымдар малмен орташа және шамалы тапталған. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында және Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жайылымдар малмен тапталмаған.