РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 27 сәуір 2018 16:42, Изменено: 10 мамыр 2018 11:37

Қазақстанның күздік бидай егетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір айының екінші онкүндігінде жауын-шашын мен жылы ауа-райы күздік бидайдың өсіп-өнуіне қолайлы болды. Даму фазасы: тамыр түйінің қалыптасу-сабақтану.

Алматы облысының бақылау учаскелеріндегі күздік бидайдың биіктігі 8-19 см жетті. Егістердің жалпы жай-күйі өте жақсы және жақсы, Талдықорған МС маңайында нашар.

Жамбыл облысының бақылау учаскелеріндегі күздік бидайдың жай-күйі жалпы жақсы, Құлан МС маңайында қанағаттарлық. Өсімдік биіктігі 8-34 см жетті, арамшөптің өсуі байқалып, мәдени дақылдардың өсуін қиындатуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелеріндегі күздік бидайдың жай-күйі жаппай жақсы. Өсімдік биіктігі 6-25 см, Шымкент МС маңайында 59 см жетті.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауған жауын-шашын көктемдік жұмыстардың аяқталуын тежеп, бірақ жаздық дақылдардың өсіп-өнуіне қолайлы болды.

Жамбыл облысының бақылау учаскелерінде жаздық арпаны себу аяқталуда, өсімдік жай-күйі жалпы жақсы. Жаздық арпаның биіктігі 7-8 см, Асса АМБ айналасында 20 см жетті.

Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскелеріндегі жаздық арпада: көктеу кезеңі байқалып, себу жұмыстары жалғасуда. Өсімдік жай-күйі жақсы.

Алматы облысының бақылау учаскелерінде онкүндік бойы ерте себілген жаздық арпа егістерінде: дәннің өсу-көктеу кезеңі байқалып, өсімдік жай-күйі жақсы. Бақанас МС маңайында себу алдында топырақты өңдеуден кейін жаздық бидайды себуге кіріскен. 

Қызылорда облысының Қазалы ауданында жаздық бидай егістерінде: көктеу кезеңі байқалады, өсімдік жай-күйі жақсы.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы бақылау учаскелерінде себу алдында топырақты өңдеуден кейін жүгеріні себуге кіріскен.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жеміс дақылдары жалпы: гүлшоғырының пайда болуы - гүлшоғырының пайда болуының соңғы кезеңінде болды. Бақылау нәтижесі бойынша жеміс ағаштарының жай-күйін бағалау жаппай жақсы. Алматы облысының Есік МС айналасындағы бақтарда алма ағаштарын улы химикаттармен өңдеуге кіріскен.

Көпжылдық шөптерде (жоңышқа, беде және эспарцет) жаппай: сабақтың өсу, Шымкент МС маңайында жоңышқада-гүлшоғырының пайда болу кезеңі байқалды. Жоңышқа және беде өсімдіктерінің жай-күйі жалпы жақсы, Алматы облысының Талдықорған МС және Оңтүстік Қазақстан облысының Екпінді АМБ маңайында жоңышқа өсімдіктерінің  жай-күйі қанағаттанарлық.

Жоңышқа және беде өсімдіктерінің биіктігі 9-47 см жетті. Алматы облысының Қырғызсай МС айналасындағы эспарцеттің жай-күйі қанағаттанарлық, малмен зақымдалуы байқалған.

Қызылорда облысының Шиелі МС маңайындағы жоңышқаның жай-күйі жақсы, даму кезеңі: сабақтың өсуі.

Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының бақылау учаскелерінде беде вегетациясының қайта жаңғыруы байқалады, өсімдік жай-күйі қанағаттанарлық.

Қарағанды және Павлодар облыстарында ауа температурасының жоғарлауы және жауын-шашын еркек шөп вегетациясының қайта жаңғыруына себеп болды. Қарағанды облысының Осакаровка және Бұхар жырау аудандарында еркек шөптің жай-күйі жақсы. Павлодар облысында еркек шөптің жай-күйі жалпы жақсы, кей жерлерде нашар, еркек шөптің малмен зақымдалуы байқалған (малмен тапталу).

Сәуір айының екінші онкүндігінде мал шаруашылығы жайылым бекеттерінің басым бөлігінде әдеттегіден суық ауа-райы байқалып, жауын-шашын әртүрлі қарқынмен жауған, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында (Ганюшкино МС), Алматы облысының Қаратал ауданында және Қызылорда облысының Қармақшы ауданында жауын-шашын жаумаған.

Сәуір айының екінші онкүндігінде барлық мал шаруашылығы бақылау бекеттерінде мал далада бағылған.

Атырау, Маңғыстау, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында малдың төлдеу кампаниясы жалғасуда, онкүндіктің басында Қарағанды облысында төлдеу кампаниясы басталған.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында мал шаруашылығы іс-шаралары жалғасуда, онкүндіктің ортасында Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында мал шаруашылығы іс-шаралары басталды.

Шөптің жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық, көпжылдық өсімдіктердің вегетациясы қайтадан басталуда. Жайылымдар орташа және сәл тапталған.

Шымның жай-күйі мал шаруашылық жайылым аудандарында жалпы дымқыл, кей жерлерде құрғақ.