РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 16 мамыр 2018 12:03, Изменено: 21 мамыр 2018 14:29

      Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында күздік бидайдың өсіп-өнуіне қанағаттанарлық жағдай байқалды. Аздаған жауын-шашын топырақтағы ылғал қорын толтырды. Түнгі қатқақ минус 1-5˚С дейін әсіресе Алматы облысындағы өсімдіктердің өсуіне әсер етуі мүмкін. Даму кезеңі: түптену – төменгі сабақ түйінінің пайда болуы, кей жерлерде масақтану.

      Алматы облысының бақылау учаскелеріндегі күздік бидайдың жай-күйі жақсы және өте жақсы, Талдықорған МС айналасында қанағаттанарлық. Өсімдік биіктігі 20 дан 55 см дейін жетеді, 12-18 см төмен бойлы өсімдіктер Сарканд, Жалаңаш и Ұзұнағаш МС маңайларында. Жалаңаш МС маңайындағы егістерде арамшөп жиі кездеседі, екпе өсімдіктерге әсерін тигізбейді.

      Жамбыл облысының бақылау учаскілеріндегі күздік бидайдың биіктігі 22-54 см. Өсімдіктердің жай-күйі жақсы, Құлан МС айналасында қанағаттанарлық, арамшөптің пайда болуы кездеседі.

      Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскілеріндегі күздік бидайдың биіктігі 22-36 см., Шымкент қ. маңайында 98 см жетеді.

      Республиканың оңтүстік облыстарында, Алматы облысынан басқа, жаздық дәнді дақылдарды себу жұмыстары аяқталды, онда   метеорологиялық жағдай таулы аудандардағы егістік жұмыстарының аяқталуын біршама кешіктірді.

      Алматы облысының жаздық бидай егістерінде: дәннің өсу-тамыр түйінінің пайда болу кезеңі байқалған, өсімдік жай-күйі жақсы, Үштөбе МС айналасында қанағаттанарлық. Өсімдіктердің биіктігі Қырғызсай және Бақанас МС маңайында 19 - 20 см жетеді.

      Жаздық арпа егістерінде: дәннің өсу – түптену  кезеңі байқалған, өсімдік жай-күйі жақсы. Ақсенгір және Ұзынағаш МС айналасындағы ерте егілген егістерде өсімдіктердің биіктігі 14-23 см жетеді.

      Жамбыл облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық арпа: түптену – сабақтану кезеңінде. Өсімдік биіктігі 27 ден 35 см жетеді, арамшөптің пайда болуы байқалады.

      Оңтүстік Қазақстан облысының бақылау учаскілеріндегі жаздық арпа егістерінде: сабақтану - төменгі сабақ түйінінің пайда болу кезеңі байқалады. Өсімдік биіктігі 9-15 см., жай-күйі жақсы.

      Қызылорда облысының Қазалы ауданында жаздық арпаны егу жұмыстары аяқталған,  өсімдік жай-күйі жақсы. Өсімдік биіктігі 16 см, арам шөптің пайда болуы байқалған. Даму кезеңі: тамыр түйінің пайда болуы.

      Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктемгі егістік жұмыстарына, тың жерлерді және аңыздықтарды тырмалауға кірісті.

      Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында топырақты дайындау және жаздық дәнді дақылдарды себу жұмыстары жалғасуда, ерте егілген жаздық арпа егістігінде: дәннің өсу кезеңі байқалады.

      Шығыс Қазақстан облысының Бородулихин ауданындағы бақылау учаскелерінде егіс алдындағы топырақты дайындаудан кейін, жаздық дәнді дақылдарды себуге кіріскен. Үржар МС айналасындағы ерте егілген жаздық бидай егістігінде: дәннің өсу – көктеу кезеңінде, өсімдіктің жай-күйі жақсы.

      Еліміздің оңтүстігінде топырақты дайындау және жылу сүйгіш дақылдарды (күріш, мақта, қант қызылшасы, соя, жүгері дәнге) егу жалғасуда. Ерте егілген егістерде көктеу кезеңі байқалуда, сапасы жақсы.

      Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында топырақты алдын ала дайындаудан кейін (жырту, тырмалау және аңыз сабағын қопсыту) күнбағыс дәнін себуге кірісті. Алматы облысының Жаркент және Шелек МС айналасындағы ерте егілген күнбағыс егістігінде: көктеу кезеңі байқалады. Өсімдіктердің сапасы жақсы.

      Алматы облысының бақылау учаскелерінің Нарынкөл МС айналасында топырақты өңдеуге және картопты отырғызуға кірісті, егістік жұмыстарының жүргізілу сапасы өте жақсы.

      Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жеміс дақылдарының бақтарында негізгі даму кезеңі: гүлдеу – жемістердің қалыптасуы. Жалпы жеміс дақылдарының жай-күйі жалпы жақсы, Алматы облысының Каменское плато МС маңындағы алма бақтарында қанағаттанарлық.

      Республиканың оңтүстік аймақтарында көпжылдық шөптерде (жоңышқа, беде): сабақтың өсу - гүлдеу кезеңі байқалады,  шөптің жай-күйі жақсы. Алматы облысының Қырғызсай МС айналасындағы бақылау учаскілерде эспарцет шөбін отырғызуда, жұмыстың сапасы өте жақсы.

      Батыс Қазақстан облысының бақылау учаскелерінде беденің жай-күйі қанағаттарлық, вегетацияның қайта басталу кезеңі байқалады. Өсімдіктің орташа биіктігі 9 см жетеді.

      Қостанай облысының Әулиекөл (Диевская МС) және Қарасу (Железнодорожный МС) аудандарының бақылау учаскелеріндегі еркек шөп шөбінің  жай-күйі жақсы. Өсімдіктің биіктігі 5-12 см жетеді, даму кезеңі: вегетацияның қайта басталуы.

      Қарағанды облысының бақылау учаскелеріндегі еркек шөптің жай-күйі қанағаттанарлық және жақсы. Өсімдіктің биіктігі 8-12 см жетеді, даму кезеңі: вегетацияның қайта басталуы.

      Павлодар облысының бақылау учаскелеріндегі еркек шөптің жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Андриановка АМБ, Федоровская МС маңайында нашар және Лозовая МС айналасында өте нашар. Андриановка АМБ, Лозовая  және Успенка МС  маңайында шөптің малмен зақымданғаны байқалады.

      Мамыр айының бірінші онкүндігінде батыста және оңтүстік және  оңтүстік-шығыстың кей аудандарының мал шаруашылығы жайлымдарында ауа райы әдеттегіден жылы болды, жауын-шашын аз жауған немесе ол іс жүзінде жаумаған.

      Мамыр айының бірінші онкүндігінде барлық мал шаруашылығы жайылымдарында мал далада бағылды.

      Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданыңдағы, Қостанай облысының Арқалық ауданыңдағы және Қарағанды облысының Шет ауданындағы мал шаруашылығында төлдеу кампаниясы жалғасуда.

      Мал шаруашылығында ветеринарлық шаралар және қойларды қырқу жалғасуда.

      Шалғындықтардың жай-күйі жалпы жақсы, жайылымдар малмен орташа және шамалы тапталған. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында жайылымдар малмен тапталмаған.

      Шымның жай-күйі жалпы құрғақ, тек Қостанай облысының Арқалық ауданында шым дымқыл болған.