РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 15 ақпан 2018 12:04, Изменено: 16 ақпан 2018 16:25

      Ақпанның бірінші онкүндігінде республикамыздың оңтүстігіндегі күздік дақылдар егетін аудандарыңда температура фоны мөлшерден 3-7˚С, оңтүстік-шығысында 1-9˚С төмен және батысында мөлшерден 2-5˚С жоғары болды, жауын-шашын онкүндік мөлшерден асатын батыстың, оңтүстіктің және  оңтүстік-шығыстың таулы аудандарының кей жерлеріңде жауған.

      Алматы облысындағы біздің бақылау участкелерімізде қаңтар айының аяғында жүргізілген күздік бидайдың өміршеңдік бейімділігі қорытындысы көрсеткендей үсікке шалу нәтижесінде Жамбыл ауданында (Аққайнар АМБ) 3% және (Ұзынағаш МС) 4%, Ұйғыр ауданындағы (Қырғызсай МС) эспарцетте 17% және Еңбекшіқазақ ауданындағы (Есік МС) бақшаларда зақымдалған алма ағашының бүршіктері 16 % дейін жеткен. Ұйғыр ауданында (Қырғызсай МС) күздік бидай егілген бақылау участкелерінің зақымдануы байқалмаған, яғни қолайлы жағдай қалыптасқан. 

      Жамбыл облысының Рысқұлов (Құлан МС) және Жамбыл (Ассы АМБ) аудандарының бақылау участкелерінде үсікке шалу нәтижесінде күздік бидай егістігінің сиректігі 2 %, Мерке ауданында (Мерке МС) 3 % дейін, Байзақ ауданында (Сарыкемір АМБ) 4% дейін, Жуалы ауданында (Нұрлыкент МС)  6 % және Қордай ауданында (Қордай АМБ) 9 % дейін құрады.

      Батыс Қазақстан облысындағы біздің бақылау участкелерімізде қаңтар айының жиырмасында жүргізілген өміршеңдік бейімділігінің қорытындысы көрсеткендей үсікке шалу нәтижесінде күздік бидайдың сиректігі Шыңғырлау ауданында (Шыңғырлау МС) 2% және Сырым ауданында (Правда АМБ) 3% дейің жеткен. Зеленов ауданында (Переметное АМБ) күздік қара бидай зақымдалмаған, яғни қолайлы жағдай қалыптасқан. 

      Алматы облысында күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігіндегі (3 см) топырақтың төменгі минималді температурасы минус 4-6°С дейін, Жамбыл облысында минус 2-11°С дейін және Оңтүстік Қазақстан облысында минус 1-10°С дейін құрады.

      Ақпанның бірінші онкүндігінде мал шаруашылығы аймақтарында ауа-райы әдеттегіден суық болды, жауын-шашын батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауған.

      Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби ауданында,  Қарағанды облысының Шет ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында өткен онкүндікте мал қорада тұрды.

      Қалған  аймақтарда мал қыстық жайылымдарда жайылды.

      Маңғыстау облысының Маңғыстау және Бейнеу аудандарында төлдейтін аналық малды және төлдерді бордақылауға, сондай-ақ мал азығын қыстақтарға тасымалдау жалғасуда және Алматы облысының Қаратал ауданында малды бордақылауда.

      Мал шаруашылығы аймақтарында өрісті жалпы тегіс қар басқан, қардың желмен ұшырылу нәтижесінде өрістің кей жерлерінде (30% дейін) қар баспаған жерлер кездеседі. Еліміздің батысының, солтүстігінің, оңтүстік-батысының және орталығының кейбір жерлеріндегі жайылымдарда қар барлық егістікті басуда, бірақ біркелкі емес, кей жерлерде омбы қар жатыр.  

      Жайылымдарда қыраулы, боз қыраулы және мұздану күндер саны батыста 8 күнге дейін, орталықта 6 тәулікке дейін, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста 5 тәулікке дейін және оңтүстікте 9 күнге дейін байқалған.

      Онкүндіктегі көктайғақ күндер саны  еліміздің батысында, орталығында және оңтүстік-батыста 1 ден 2 тәулікке дейін құрады.

      Мұз қабығы мықты, ұсақ малдардың тұяғымен бұзылмайтын Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының барлық жерлерін басуда, мұз қабығы ұсақ малдардың тұяғымен жеңіл бұзылатын мұз қабығы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының кей жерлерінде байқалуда.

      Шалғындықтардың жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Алматы облысының Қаратал ауданында, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Жәнібек аудандарында және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында шалғындықтардың жай-күйі нашар болып бағаланды.

      Жайылымдар орташа тапталған, Алматы облысының Қаратал және Жамбыл ауданындарында, сондай-ақ Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жайылымдардың қатты тапталуы жалғасуда.

      Мал шаруашылығының басым бөлігінде шымның қатқақ жай-күйі байқалады, ал Маңғыстау облысының Қарақияқ ауданында (Аққұдық МС) шымның дымқыл жай-күйі қалыптасқан.