РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 17 қаңтар 2018 18:27, Изменено: 22 қаңтар 2018 10:18

      Қаңтардың бірінші онкүндігінде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы күздік дақылдар егетін аудандарыңда температура фоны мөлшерден 1-6˚С төмен, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріңде 1-4˚С жоғары  болды және жауын-шашын мөлшерден төмен жауған.

      Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріндегі егістіктерде қар жамылғысының жоқтығы қатты аяздарда күздік бидайдың қыстаудан өтуіне әсер етуі мүмкін. Алматы облысының күздік бидай егетін аудандарында қардың биіктігі 2-9 см дейін, кей жерлерде 23 см дейін жетті, осының арқасында сол аудандарда күздік дақылдардың қыстауы қиындықсыз өтуде.

      Алматы облысында күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігіндегі (3 см) топырақтың төменгі минималді температурасы минус 4°С ден минус 6°С дейін, Жамбыл облысында 0°С ден минус 3°С дейін және Оңтүстік Қазақстан облысында плюс 1°С ден минус 4°С дейінгі аралықта ауытқыды.

      Қаңтардың бірінші онкүндігінде мал шаруашылығы аймақтарында ауа-райы әдеттегіден жылы болды, жауын-шашын әр түрлі қарқынмен мал шаруашылығы аймақтарының басым бөлігінде жауған, ал Алматы және Жамбыл облыстарында және Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында жауын-шашын жаумаған.

      Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби ауданында,  Қарағанды облысының Шет ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында қаңтардың бірінші онкүндігінде малдар қорада тұрды.

      Қалған  аймақтарда малдар қыстық жайылымдарда жайылды.

      Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында көктайғақ құбылысының салдарынан 3 тәулік бойы  жаю жағдайы қиындатылды.

      Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандарында төлдейтін аналық малды және төлдерді бордақылауға, сондай-ақ мал азығын қыстақтарға тасымалдау жалғасуда және де Алматы облысының Қаратал ауданында малдарды бордақылауда.

      Атырау облысының Атырау қаласы маңындағы жайылымдардың кей жерлерінде, ұсақ малдардың тұяғымен женіл бұзылатын, әлсіз мұз қабығы байқалуда.

      Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының кей жерлерін ұсақ малдардың тұяғымен бұзылмайтың, мұз қабығы мықты басуда.

      Шалғындықтардың жай-күйі жалпы қанағаттанарлық, Алматы облысының Жамбыл және Қаратал ауданындарыңда, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Жәнібек аудандарында және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданыңда шалғындықтардың жай-күйі нашар екендігі байқалды.

      Жайылымдар орташа тапталған, ал Алматы облысының Жамбыл және Қаратал аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жайылым қатты тапталуы жалғасуда.

      Шымның жай-күйі қатқақ, Маңғыстау облысының Қарақияқ ауданында (Аққұдық МС) шымның құрғақ жай-күйі байқалды.