РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 27 желтоқсан 2016 01:12, Изменено: 09 желтоқсан 2019 17:49

РМК «Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы:

  1. Әкімшілік-қаржыландыру бөлімінің жетекшімаманы (мем.сатып алу).

Міндеті: Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жоспарына сәйке тауарлардың, жұмыс және қызметтердің мемлекеттік сатып алу процестерін өткізу және ұйымдастыру. Келісім шарттарды құрастыру, қол қойылған келісім-шарттарды қадағалау, филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне тауар, жұмыстарды және қызметтерді танысу үшін жауапты тұлғаларға жасалынған келісім-шарттардың көшірмелерін беру. Мемлекеттік сатып-алудың веб порталында келісім шарттарды уақытылы жасау. Мемлекеттік сатып алудың процесстеріне мониторинг жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша филиалға және орталық аппаратқа есептілікті беру .

Арнайы талаптар:Жоғарғы білімді, еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.

Лауазымдық айлық жалакысы 150 000 тенге,

Құжаттарды ұсыну орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 32, кабинет № 330, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, тел: 8 (7272) 67 64 82, 676494.

Құжаттарды қабылдаудың басталу мерзімі «06» желтоқсан 2019 жыл

Қабылдаудың аяқталу мерзімі «12» желтоқсан 2019 жыл

Қажетті құжаттар тізімі: «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалындағы бос орынға конкурсқа қатысу үшін:

  1. Өтініш;
  2. паспорт немесе жеке куәлік (оралмандар жергілікті атқарушы мекемелерден берілген оралман туралы куәлігі);
  3.  Тұрақты мекен жайы туралы анықтама
  4. Білімі туралы құжат, арнайы дайындықтан өткені жайлы құжат немесе анықтама,
  5.  Еңбек өтілі жайлы құжат;
  6. Медициналық тексеруден өткені туралы анықтама;
  7. Әскери билет немесе әскерге шақырылушы туралы куәлігі;
  8. Сурет 3х4 см 1 дана.

 

 

Хабарландыру!

Бос орындарға орналастыру байқауы

Инженер (синоптик) лауазымына (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне уақытша)

Метеоболжау бөлімі

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы

Функционалды міндеттері:

компьютерлік бағдарламаларды қолданып ауа райының болжамдарын жасау үшін қажет аэросиноптикалық  материалдың толық талдауын жүргізу;

-  Атырау облысы аймағы бойынша жалпы қолданымдағы 1 тәулікке ауа райының болжамын  және мамандандырылған болжамдар жасау үшін қажет жұмыстар көлемін орындау;

- ауа райының қауіпті және апатты және ауа райының күрт өзгерілуі туралы алдын ала есертулер дайындап орнатылған сұлба бойынша тұтынушыларға жеткізу;

Біліктілік талаптары: «Экология және география» мамандығы бойынша жоғары білімі болуы тиіс.

Лауазымдық жалақысы біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты келешекте ұлғаю мүмкіндігімен айына 90 000 тенге құрайды.

Өтініш және жалғанған құжаттар төмендегі мекен-жай бойынша тапсырылсын: Атырау қаласы, Т.Бегильдинов көшесі, 10А, «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы, 3 қабат, 310 кабинет. Тел.нөмірі: 8 (7122) 262790, 262768.

Құжаттар қабылдау мерзімінің басталу күні: «04» желтоқсан  2019 жыл.

Құжаттар қабылдау мерзімінің аяқталу күні: «10» желтоқсан 2019 жыл.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының бос лауазымдық орындарына қабылдану конкурсына қатысуға  қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш;
  2. Түйіндеме;
  3. Жеке куәлік немесе төлқұжат;
  4. Мекен-жайы бойынша тіркелу анықтамасының көшірмесі;
  5. Жұмысқа қабылданар кезіндегі  арнайы талаптарға сай, білімі туралы, оқу біліктілігін және арнайы білімінің немесе кәсіби дайындығын растайтын құжаттар;
  6. Еңбек қызметін растайтын құжат ( еңбек өтілімі бар мамандарға арналған;
  7. Медициналық тексерістен өткені туралы құжаты (086 форма);
  8. Әскери қызметке жауапты тұлғалардың  әскери тіркеу құжаты;
  9.  3х4 өлшеміндегі фото, 1 дана;
  10. Жеке іс парағы .

 

«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы

Қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бақылайтын зертхананың 1-санатты инженер-химик (негізгі маманның бала күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Функциялар:

Үлгілерді уақтылы және сапалы талдау, ерітінділер мен реагенттерді дайындау, талдау нәтижелерін өңдеу.

Ауаның ластануын, шөгінділерді, сынамаларды іріктеу ережелерін ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу.

Іріктеу және талдау жұмыстарын дайындау және қолдау.

Өлшеу нәтижелерін өңдеу және есептеу.

Өлшемдердің ішкі зертханалық сапасын бақылауды жүргізу.

Зертханаларда қолданылатын барлық құралдардың жұмыс принциптерін және пайдалану ережелерін білу.

Біліктілік талаптары:

Жоғары кәсіптік (химиялық) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қызмет жалақысы айына 95 000 теңге, біліктілігіне және қызмет ету мерзіміне байланысты.

Өтініш пен қоса берілген құжаттар: Ақтөбе облысы, «Қазгидромет» РМК филиалы, Ақтөбе қаласы, Авиагородок 14Б тел: 8 (7132) 225429,  мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні «2019 жылғы 04 желтоқсан

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2019 жылғы 10 желтоқсан

Ақтөбе облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.Жеке өтініш;

2. жеке бас куәлігі немесе төлқұжат (оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады);

3. Тұру куәлігі немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе босқын куәлігі;

4. тиісті білім мен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі бар немесе кәсіптік білім алу туралы құжат;

5. еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін);

6. алдын ала медициналық тексеруден өту туралы құжат;

7.Әскери қызметке тартылатын адамдарға және әскери қызметке жататын адамдарға әскери есепке қою құжаты;

8. Фотосурет өлшемі 3x4 см 1 дана.

 

Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы

Жағабұлақ метеорологиялық станциясының басшысы (негізгі маманың бала күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Функциялар:

-     Жұмысшы бөлмесі мен метеорологиялық алаңда байланыс құралдары, қондырғылардың сапалы жұмысы мен жарамды жағдайын, орналастыру дұрыстығын қамтамасыз ету мен қадағалауға міндетті.

-      Бақылау материалдарын сыни тұрғыдан және техникалық бақылау әдіс-тәсілдері мен амалдарын білу, бақылауларды жүргізу кезінде әдістемелік және техникалық  қателіктерді түзету мен толық жоюға қол жеткізу, сондай-ақ барлық әрекет ететін Ережелер, Нұсқаулықтар мен Кодтарды білу.

- Бақылау кітапшаларында бақылау,метеорологиялық ақпаратты кодтау нәтижелерінің жазбаларының дұрыстығын тексеру, барлық бақылау мен жұмыс  түрлері бойынша айлық есепті әзірлеуді  жүзеге асыру.

-    Қажеттілік туындаған жағдайда, ауысым жұмысына қосылу, метеорологиялық  бақылауларды іске асыруды.

-    Су тасқыны мен басқа да төтенше  жағдайлар кезінде  өзінің міндеттерін орындауға үстеме жұмыстарға тартылады.

-     Метеорологиялық станцияның барлық қызметкерлерінің  құрал-саймандар мен қондырғыларды күту, гидрометеорологиялық шұғыл  ақпаратты   тарату, бақылау тәртібі мен мерзімін ұстануға байланысты  Ережелер талаптарын  орындауды қамтамасыз ету,

-    Персона МИС бағдарламасында 1 деңгейлі автоматтандырылған өңдеу мен бақылау мәліметтерін  техникалық тасығышқа  жүктеуді қадағалау,

-    Қауіпті және төтенше гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу мен күшейтілуі туралы уақытылы хабардар ету.

- Қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардан туындайтын шығын туралы мәліметтерді жинақтауға қатысады.

-   Ішкі еңбек тәртібі ережелерін ұстануды қамтамасыз ету. Штатпен техникалық оқуды жүргізу білу, штатпен олардың ескерту қателіктерін талдауды жүргізу білу.

Біліктілік талаптары:

Кәсіптік білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қызмет жалақысы айына 65 000 теңге, біліктілігіне және қызмет ету мерзіміне байланысты.

Өтініш пен қоса берілген құжаттар: Ақтөбе облысы, «Қазгидромет» РМК филиалы, Ақтөбе қаласы, Авиагородок 14Б тел: 8 (7132) 225429, 228673 мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні «2019 жылғы 04 желтоқсан

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2019 жылғы 10 желтоқсан

Ақтөбе облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.Жеке өтініш;

2. жеке бас куәлігі немесе төлқұжат (оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады);

3. Тұру куәлігі немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе босқын куәлігі;

4. тиісті білім мен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі бар немесе кәсіптік білім алу туралы құжат;

5. еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін);

6. алдын ала медициналық тексеруден өту туралы құжат;

7.Әскери қызметке тартылатын адамдарға және әскери қызметке жататын адамдарға әскери есепке қою құжаты;