РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 06 қазан 2017 12:36, Изменено: 17 қазан 2017 09:50

      Қазақстан аумағының күздік бидай егетін аудандарыңда қыркүйек айының үшінші онкүндігінде бірқалыпты жылы, түнгі уақыттағы минус 4 °С дейінгі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда минус 9 °С дейінгі қатқақ және еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсерлі жауын-шашынды ауа райы байқалды. Мұндай метеорологиялық жағдайлар, оңтүстік облыстарда күздік бидайды себу жұмыстарына және егістікті дайындауды біршама тежеді.

      Жамбыл облысының Төле Би МС маңайында күздік бидайды егуге қопсытып жырту жұмыстары жүргізілуде.

      Батыс Қазақстан облысының Газета «Правда» МС маңайындағы бақылау учаскелеріндегі күздік бидай - көктеу даму кезеңінде. Егістің жай-күйі жақсы.

      Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жаздық бидайды жинау жұмыстары аяқталуда. Барлық бақылау учаскелерінде толық пісу кезеңі байқалуда, жаздық бидай егісінің жай-күйі жақсы.

      Павлодар облысының Голубовка МС маңайындағы бақылау учаскелерінде онкүндіктің басыңда қарақұмықты жинау жұмыстарына кірісті.

      Жылу сүйгіш дақылдардың (қызылша, мақта, күріш) жай-күйі жақсы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күрішті және жүгеріні тұқымға жинау жұмыстары жалғасуда. Алматы облысының бау-бақшаларында алма  және алмұрт өнімін жинау жұмыстары аяқталды.

      Еліміздің оңтүстігіндегі бақылау учаскелерінде жоңышқа шөбінің жай-күйі жалпы жақсы және қанағаттанарлық. Даму кезеңі: үшінші шабудан кейінгі өсуі.

      Мал шаруашылығы аймақтарында әдеттігіден суық ауа-райы байқалды, онкүндіктегі ауаның орташа температурасы мөлшерден 1-6°С төмен болды. Жауын-шашын шығыста, батыстың, солтүстіктің, орталықтың, оңтүстіктің және  оңтүстік-шығыстың жеке аудандарына түсіп, қалған аймақта мүлдем болмаған.

     Малды бағу барлық малшаруашылығы аймақтарында жүргізілді. Қойларды күздегі қырқу Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Алматы облысының Балқаш ауданында және  Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында жалғасуда, онкүндіктің бірінші күні Атырау облысының Қызылқоға ауданында қой қырқу басталды.

     Мал шаруашылығы аймақтарында онкүндіктің соңғы күнінде шалғындықтардың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық болды.

     Жайылым біршама немесе мүлде малмен тапталмаған, ал шалғындықтар орташа тапталған, Қарағанды облысының Шет ауданында жайылым аз немесе мүлде малмен тапталмаған.

     Өткен  онкүндікте мал шаруашылығының басым бөлігінде онкүндіктің соңғы күнінде шымның жай-күйі жалпы құрғақ болды, Шымның дымқыл жай-күйі Алматы облысының Жамбыл ауданында байқалды.