РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 10 қаңтар 2018 15:01, Изменено: 15 ақпан 2018 10:40

      Желтоқсанның үшінші онкүндігінде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы күздік бидай егетін аудандарыңда температура фоны мөлшерден 2-4˚С төмен болды,   жауын-шашын мөлшерден көп жауған.

      Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында қардың биіктігі 4 см дейін, кей жерлерде 25 см дейін жетті, осының арқасында сол аудандарда күздік дақылдардың қыстауы қиындықсыз өтуде.

      Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріндегі егістерде қар жамылғысының жоқтығынан, қатты аяздарда күздік бидайдың қыстаудан өтуіне әсер етуі мүмкін.

      Алматы облысында күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігіндегі (3 см) топырақтың төменгі минималді температурасы минус 3°С ден минус 7°С дейін, Жамбыл облысында  плюс 1°С ден минус 1°С дейін және Оңтүстік Қазақстан облысында плюс 1°С ден минус 2°С дейінгі аралықта ауытқыды.

      Мал шаруашылығы аймақтарында ауа-райы әдеттегіден жылы болды, жауын-шашын мал шаруашылығы аймақтарының барлық жеріне түсті.

      Негізгі мал шаруашылығы жайылымы аймақтарында желтоқсан айының үшінші онкүндігінде мал далада бағылды. Ақтөбе облысының Айтекеби ауданында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында малды қорада ұстауға көшті.

      Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандарында төлдейтін аналық малды және төлдерді бордақылауға, сондай-ақ мал азығын қыстақтарға тасымалдауға кірісті.

      Мал шаруашылығы аймақтарының бақылау пунктілерінде онкүндіктің соңғы күнінде шалғындықтардың жай-күйі жалпы қанағаттанарлық болды, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Жәнібек аудандарында, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданыңда және Алматы облысының Жамбыл ауданында шалғындықтардың жай-күйі нашар екендігі байқалды.

      Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жайылым қатты тапталған, ал қалған мал шаруашылығы аймақтарында жайылым орташа тапталған.

      Шымның жай-күйі жалпы қатқақ, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында және Маңғыстау облысының Қарақияқ ауданында шымның жай-күйі құрғақ және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дымқыл жай-күй байқалды.