РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 15 қыркүйек 2017 11:05, Изменено: 17 қазан 2017 10:35

      Қазақстанның барлық аумағында қыркүйек айының бірінші онкүндігінде бірқалыпты жылы, өткінші жауын-шашынды ауа райы байқалды. Жауған жауын-шашын егінді жинау жұмыстарына аздап әсер етті. Еліміздің оңтүстік аймақтарында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды, тек Алматы облысының таулы аудандарынан басқа. Барлық жерде балауызданып - толық пісу кезеңдері байқалуда. Еліміздің батысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуда, астық өнімділігі орташа көп жылдықтан жоғары болуда. Бақылау учаскелерде жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі жалпы өте жақсы және жақсы, Павлодар облысының Федоровка МС және Қарағанды облысының Нұраталды АМБ маңайында нашар.

      Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының бақылау учаскілеріндегі картоптың даму кезеңі: сабақтың солуы, жаппай өнімді жинаға кірісті, Алматы облысының Шелек МС маңайындағы учаскілерде күнбағысты жинауға кірісті.

      Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жылу сүйгіш дақылдардың жай-күйі жақсы, жүгеріні вегетативті суару және  күріш алқаптарынан суды жіберу жалғасуда. Қызылорда облысының Шиелі ауданыңда күрішті жинауға кіріскен.

      Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай МС маңайындағы бақылау учаскелерінде егісті химикатпен кептіру, сондай-ақ мақтаның пісуің тездету үшін химиялық препараттармен өсімдіктерді жинау алдында кептіру жұмыстарың жүргізуде.

      Алматы қ. Каменское плато МС маңайындағы бау-бақшалардағы алма ағашының жай-күйі нашар, ал басқа учаскілерде жақсы және қанағаттанарлық. Каменское плато МС маңайындағы бау-бақшаларда алма өнімін жинау жұмыстары жалғасуда.

      Оңтүстік облыстарының бақылау учаскелеріндегі жонышқа шөбінің жай-күйі тегіс жақсы, кей жерлерде үшінші шабу жұмыстарына кірісті.

      Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде мал шаруашылық аймақтарында әдеттігіден жылы ауа-райы байқалды, сондай-ақ солтүстіктің, шығыстың, орталықтың, батыстың және оңтүстік-шығыстың кейбір аудандарында жауын-шашын жауған.

      Малды бағу барлық малшаруашылық аймақтарда жүргізілді.

      Қойларды күздегі қырқу Маңғыстау облысының Бейнеу ауданыңда жалғасуда, онкүндіктің басында қырқуды Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданыңда, ал онкүндіктің ортасында Алматы облысының Балқаш ауданыңда және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданыңда бастады.

      Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы (Ассы МС биік таулы) күзгі жайылымдарына онкүндіктің жетінші күні малдарды айдауды бастады.

      Мал шаруашылығы аймақтарының басым бөлігінде шалғындықтардың жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық. Алматы облысында (Аул № 4 МС) шалғындықтар мен жайылымдардың жай-күйі өте жақсы.

      Қарағанды облысының Шет ауданында және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жайылым біршама немесе мүлде малмен тапталмаған, басқа мал шаруашылығы аймақтарында жайылымдар біршама және орташа жайпалған, шалғындықтар орташа тапталған. Жайылымдарда шымның жай-күйі жалпы құрғақ, дымқыл жағдай Қарағанды облысының Шет және Ұлытау аудандарында байқалған.