РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 14 маусым 2019 08:57, Изменено: 14 маусым 2019 09:36

2019 жылғы 3-14 маусым аралығында Женева (Швейцария) қаласында он сегізінші Дүниежүзілік метеорологиялық конгресс өтті. Конгресте Қазақстан атынан "Қазгидромет" РМК өкілдік етті. 

Конгрес Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымына (ДМҰ) мүше елдерді таныстыратын, ДМҰ-ның жоғарғы мүшесы, өкілдердің жиыны болып табылады. Конгресс Сессиясы төрт жылда бір рет шақырылады.

Конгресте метеорологиялық, климаттық, гидрологиялық және экологиялық қызмет көрсету, қауіпті құбылыстарды алдын ала ескерту жүйелері, мәліметтерді бағдарлау және өңдеу жүйелері мәселелері талқыланды. Сондай-ақ 2020-2023 жылдардағы Стратегиялық жоспар және бюджет мәселелері бойынша және гидрометеорология мәселелері бойынша өзге де маңызды іс-шаралар талқыланды.