РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 25 мамыр 2018 16:54, Изменено: 25 мамыр 2018 16:54

2018 ж. 21 сағ. 25 мамырдан 21 сағ. 27 мамыр аралығы. 26-27 мамырда Ақмола облысында онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Күндіз 27 мамырда Ақмола облысында кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

Астана қ.: күндіз 26, тәулік бойы 27 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 15-20 м/с, күндіз 26-27 мамырда екпіні 25 м/с. 

2018 жылғы 25 мамырдың сағат 21-ден 26 мамырдың сағат 21-ге дейін. 26-шы мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, аймақтың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі.

26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Петропавл қ: 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жаңбыр, күндіз қатты, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

26 мамырда Ақтөбе облысында онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерінде 17-22 м/с. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Ақтөбе қ.: күндіз 26 мамырда найзағай күтіледі, онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

26 мамыр Қызылорда облысында шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күннің екінші жартысында кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с, найзағай, шквал, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

27 мамыр кешке бірқалыпты жаңбыр болжамына және 28 мамырда тәулік бойы Алматы облысының және Алматы қ., 28 мамырда Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының  өзендерінде қатты жаңбыр болжамына байланысты судың тасуы және бүйірлік ағынның қалыптасуы күтіледі.