РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 сәуір 2019 09:53, Изменено: 03 сәуір 2019 09:53

2019 жылғы 3-5 сәуір аралығында күтіліп отырған жаңбырға, кей жерлерде қарқынды болуына байланысты Түркістан облысының тау етегі аудандарында баурайлы ағынның пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

3 сәуірде күннің екінші жартысында Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 3 сәуірде таңертең және күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 3 сәуірде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.