РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 02 сәуір 2019 18:11, Изменено: 02 сәуір 2019 18:31
Солтүстік Қазақстан облысы
2019 жылғы 21 сағ. 2 сәуірден 21 сағ. 4 сәуір аралығында. 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады. Шығыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 4 сәуірде кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 3 сәуірде шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. 4 сәуірде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
 
Ақтөбе облысы
2019 жылғы 08 сағ. 2 сәуір 20 сағ. 3 сәуір аралығы. Күндіз 2, 3 сәуірде тәулік бойы Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 2, түнде 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі.
 
Түркістан облысы
2019 жылғы 21 сағ. 2 сәуірден 21 сағ. 3 сәуірге дейін. 3 сәуірде күннің екінші жартысында Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 3 сәуірде таңертең және күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 3 сәуірде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
 
Қостанай облысы
2019 жылдың 21 сағ. 2 сәуірден 21 сағ. 3 сәуірге дейін. 3 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, шығыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 3 сәуірде күндіз жел шығыстан 15-20 м/с күтіледі.     
 
Қызылорда облысы
2019 жылғы 2 сәуір 20 сағаттан 3 сәуір 20 сағатқа дейін. 3 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталып, кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.
 
Маңғыстау облысы
2019 ж. 2 сәуірдің сағат 21-ден 3 сәуірдің сағат 21-ге дейінгі аралықта. 3 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 3 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі.