РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 18 қазан 2019 09:39, Изменено: 29 қазан 2019 14:57

2019 жылғы 8-9 қазанда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Гидрометеорология бойынша Мемлекетаралық Кеңесінің (ТМД ГМК) 31-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына ТМД қатысушы – мемлекеттердің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің делегаттары, ГМК хатшылығы, жұмыс топтарының басшылары қатысты, ал бақылаушы ретінде Атқарушы комитеттің және әртүрлі ТМД өндірістік кеңесінің, ғылыми ұйымдардың және мекемелердің, сондай-ақ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ) делегаттары қатысты. «Қазгидромет» РМК делегациясын ұйымның бас директоры М.П. Кынатов басқарды.

Сессия барысында ТМД қатысушы – мемлекеттердің ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша 20 мәселе талқыланды:  ГМК қызметі, ТМД және ДМҰ шеңберінде гидрометеорологиялық қызметтің өзара іс-қимылы, жерүсті бақылау желісі, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер, гидрометеорология саласындағы Достастық елдерінің өзара іс-қимылын реттейтін құжаттарды іске асыру барысы. Қатысушылардың баяндамаларын тыңдап, сессия тиісті шешімдер қабылдады.

Сондай-ақ, сессияда ТМД ГМК 32-ші сессиясын 2020 жылы Армения Республикасында, ал 33-ші сессияны 2021 жылы Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылдады.

Жалпы ТМД Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің сессиясы өзара түсіністік, сенім және конструктивті диалог деңгейінде өтті.